Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова ревакцинацияға барған адамға қандай екпе салдыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз ревакцинация кезінде алдыңғы екі дозаға ұқсас вакцинаны салдыруға кеңес береміз. Бүгінгі күні бізде вакцинаның екі түрі бар: инактивацияланған және векторлық вакцина. Векторлық — «Sputnik V», қалғаны — инактивацияланған вакциналар.
Бұл ретте векторлық вакцина алған адамдар — тоғыз айдан кейін инактивацияланған түрімен қайта вакциналанады, ал инактивацияланған вакцина алған адамдар — алты айдан кейін векторлық түрімен қайта вакциналанады», — деді ол. Сонымен қатар, ол қандай вакцинамен қайта вакциналануға болатынын айтты. «Үшінші дозаны кез келген емханада немесе вакцинация пунктінде алуға болады. Егер инактивацияланған дозаны алсаңыз, онда векторлық дозаны алуды ұсынамыз», — дейді спикер.
https://www.coronavirus2020.kz/kz/revakcinaciya-kezinde-kanday-ekpeni-saldyru-kazhet_a3859194