Астананың іргесінде орналасқан елді мекендер уақыт талабына сай дамытылуы тиіс

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Целиноград ауданында болып, астананың іргесіндегі елді мекендердің инфрақұрылымдық жобаларымен танысты, сондай-ақ, жергілікті жұртшылық өкілдерімен бірлесіп, өңір тұрғындарының тұрмысына қатысты әлеуметтік мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады.

Елордаға жақын елді мекендердің бірі – Талапкер ауылы да қарқынды дамып келеді, биыл мемлекет тарапынан ауылдық округ тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу үшін қомақты қаржы бөлінді. Олардың басым бөлігі көше-жол желісін жөндеуге және қайта жаңартуға арналған.

Талапкер ауылының көше-жол желісін күрделі жөндеу жобасының жалпы сметалық құны шамамен 5 миллиард теңгені құрайды. Ол бірнеше жылға есептелген, 30 шақырымға жуық ауылішілік жол салынатын болады. «АБК Автодор НС» серіктестігіне құрылыстың сапасы мен мерзімінің сақталуына қатысты шағымдар жоқ. Мердігер бөлінген қаражатты игеріп, жұмысты жеделдету үшін өз қаражатын салуда.

Өңір басшысы ағымдағы жылдың шілде айында найзағайдан зардап шеккен қосалқы электр стансасын да аралап көрді. Нысан 2017 жылы пайдалануға берілген, жабдық найзағай түскенге дейін ақаусыз жұмыс істеп тұрған. Целиноград ауданының әкімі Бақытбек Оспанбековтың айтуынша, электр қосалқы стансасын жөндеуге 260 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.

Ағымдағы жылдың соңына дейін нысан штаттық режимге сай жұмыс істейтін болады. Бұдан бөлек, ауыл толық трансформаторлық қосалқы станциялар электрмен жабдықтау ұйымының балансына беруге дайындалған. Айтпақшы, мұнда энергетиктер 2019 жылдан бастап жыл сайын электр энергиясын тұтынудың 5 пайыз деңгейінде өсуін тіркейді.

Облыс әкімі электр қуатын тұтынудың ықтималдылығының арту мүмкіндігін ескере отырып, Талапкер ауылының энергетика жүйесін тез арада теңгерімдеуді тапсырды.

Талапкерде халық саны артқан сайын әлеуметтік нысандар, соның ішінде балабақшалар мен мектептер бой көтеруде. Осыған орай, өңір басшысы Ермек Маржықпаев 2013 жылы салынған 280 орындық балабақшада болды. Бұл мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге арналған типтік ғимарат, сондықтан, ол жылы және жарық болуға тиісті. Соған қарамастан, облыс әкімі директордан басқа да мәселенің бар-жоғын сұрап, білді. Алайда, шешімін таппаған күрделі мәселелер жоқтың қасы.

Ауылдағы 900 орындық жаңа мектептің салынғанына он жылға да толмаған. Мұнда облыс әкімі Талапкердің жергілікті қоғамдастығымен кездесті. Автомобиль жолдарының құрылысы бойынша, әлеуметтік нысандарды, оның ішінде Мәдениет үйін, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, ашық спорт алаңдарын, емхана салу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, талапкерлік тұрғындарды түнгі уақытта көшелерде жарықтың жоқтығы, су мен жарықтың сапасы алаңдатады. Олар ауылды дамытудың бас жоспары қайта қарауды қажет ететініне сенімді.

– Қаржыландыруға қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзір болмағандықтан, ол туралы әңгіме болуы да мүмкін емес, – деді облыс әкімі. – Бірқатар жобалардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге ақша бөлеміз, содан кейін қаржыландыру мәселесін шешеміз. Мәселен, емхана үшін, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін ұсына аламыз. Бірнеше елді мекендегі емдеу мекемесінде жақсы тәжірибе жинақталып, халықтың да көңілінен шығып жатқаны анық байқалады.

Облыс әкімі аудан әкіміне қарата айтқан сөзінде, көптеген мәселелерді облыстық бюджетке арқа сүйемей, өз қаражатына шешу қажеттігін нықтады. Сондай-ақ, өңір басшысы мемлекет өз міндеттемелерінен бас тартпайтынын, барлық мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін, елордаға жақын ауылдардың тұрмысы үлкен қаладағыдай жайлы болатынын баса айтты. Бірақ, ол үшін адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркелу керек. Мысалы, халық санағы халық санының 300 адамға ғана өскенін көрсетті. Талапкерде ресми түрде он мыңнан аса тұрғын бар, ал, шын мәнінде бұл көрсеткіш бір жарым есеге көп. Әлеуметтік нысандардың құрылысына қаражат сұрау үшін экономикалық негіздегі іскерлік жағдай қажет. Жалпы, халықтың нақты өсімі басты факторлардың бірі болып табылады.

Ыбырай Алтынсарин ауылының (бұрынғы 96-разъезд) тұрғындары да қоныстану мәселесімен қызу айналысуда. Адамдар жолды жабу арқылы бірде-бір мәселені түбегейлі шешуге болмайтынын, қайта халықтың үніне құлақ асатын, тыңдауға да, естуге де дайын мемлекетпен сындарлы диалог қажет екенін түсінеді. Бұл елді мекенде астананың іргесіндегі қарқынды дамып келе жатқан басқа ауылдардағыдай проблемалар бар.

Жергілікті қоғамдастық атынан белсенділер, мәселен, жолдардың жай-күйіне назар аударуды сұрап қана қоймай, бекітілген қайта құру жобаларын, оның ішінде «ұмытылған» аумақтарды түзету бойынша өз ұсыныстарын айтуда. Тұрғындар 2018 жылы бекітілген жөндеу жобасына күрделі түзетулер қажет дейді. Бұл –
аудан әкімдігіне берілген тапсырмалардың бірі. Өзгерістер мен толықтырулар құрылыс маусымы басталғанға дейін, яғни, көктемге дейін енгізілуі тиіс. Бұл үдеріске жергілікті қоғамдастық белсенді түрде қатыспақшы.

Екінші мәселе коммуналдық инфрақұрылымға қатысты. Өйткені, судың болмай қалуы әсіресе, жазда жиі кездеседі. Мұның бәрі екі су ұңғымасынан су беретін қолданыстағы құбырдың қала маңындағы аумақты ескере отырып, ұлғайтылған көлемін тұтынуға арналмағандығынан болып отыр. Жазғы маусымда сумен жабдықтау ұңғымаларының дебеті жеткіліксіз (қазір қосымша екі ұңғыма бұрғыланған). Тұрғындардың өздері ұсынатын шешім үлкен қаржыны қажет етпейді. Саяжай массивін оған жақын орналасқан көлдерден қамтамасыз етсе, ауылдағы су тапшылығын болдырмауға болады.

Сондай-ақ, Ыбырай Алтынсарин ауылын электрмен қамту жағдайы да жан-жақты зерделеніп, сапалы интернетпен қамтамасыз ету мүмкіндіктері талқыланды.

Алексей ЧАЙКА,
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар