Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халқы аз ауылдарға ауыз су беру мәселесі қалай шешіледі - АРҚА АЖАРЫ

Халқы аз ауылдарға ауыз су беру мәселесі қалай шешіледі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ауылдарға су беру жұмыстарының жоспарын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Елімізде барлығы 6 316 ауыл бар. Оның ішінде 3 991 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған, 403 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған. Сумен жабдықталмаған 1 922 ауылдың мәселесін шешу үшін мынадай шаралар қабылдап жатырмыз. 793 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерін салу жоспарланған. 200-ден аз адам тұратын шағын ауылдарда кешенді блок-модульдер орнатылады», — деді Бейбіт Атамқұлов Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, биыл тағы 148 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау және халқы аз 220 ауылға кешенді блок-модуль орнату жоспарланған. «Бүгінгі таңда орталық сумен жабдықтау жоспарланған 85 ауылда (БҚО, Атырау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, ШҚО, Ақмола, Ақтөбе) гидрогеологиялық жұмыстар жүргізу қажет.
Кешенді блок-модуль орнату жоспарланған халқы аз 170 ауылда іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасын уақытылы орындау мақсатында қалған 453 ауыл бойынша 2023 жылға дейін жобалау-смета құжаттамасын әзірлеуді аяқтау қажет», — деді министр. Бұған дейін Б. Атамқұлов сумен қамтамасыз ету деңгейін артыру үшін көрсеткіштері төмен өңірлерге басым негізде қаражат бөлінетінін айтты.

Дереккөз: www.inform.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар