Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды

– 4 наурыз сағат 11:22 кезінде Алматы қаласында жер сілкінісі болды.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісіндегі ақпарат өңделіп жатыр.

Алматыда 5 балл көлемінде сезілген.

жер сілкінді
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Эпицентрі туралы мәлімет нақтылануда.

«Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүлінуіне мониторинг жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ТЖД.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар