Көкшетау әкімдігі 2,5 млрд теңгеге заңсыз үй салдырмақ болған — прокуратура

— Көкшетау қаласының прокуратурасы 2 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз жасалған шартты анықтады.

Көкшетау қалалық прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.

Оның барысында қала әкімдігі заңнама талаптарын бұза отырып, конкурс өткізбей, бір көзден құны 2,5 млрд теңге болатын көппәтерлі тұрғын үй салуға шарт жасағаны анықталды.

«Прокуратура актісі негізінде 2024 жылы 13 ақпанда сот шартты жарамсыз деп таныды, қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталып, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапқа тартылды», — деді ведомстводан.

Еске сала кетейік, «Көкшетау» деген жазудың түсіп қалған үш әрпін орнатуға әкімдік 18 млн теңге жұмсамақ болған еді.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар