Сібір елігін атып алған браконьер қолға түсті

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу шеңберінде ағымдағы жылғы қарашаның 14-де «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 291 шақырымында «Toyota» автокөлігі тоқтатылды.

«Тұлпар-10» Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальонының жасағы, аға лейтенант Алтынбек Накенов пен лейтенант Айбек Балтабеков Нұр-Сұлтан қаласының 37 жастағы тұрғыны басқарған көліктің салонын тексеру кезінде еліктің 1 ұшасы мен тегіс ұңғылы үш мылтықты тапты. Жүргізуші мен оның 36 жастағы жолаушысында елік атуға қандай да бір рұқсат құжаттары болмаған.

Бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 337-ші бабының «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жануарлардың түрі мен жасын анықтау үшін сот-биологиялық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта іс бойынша істің барлық мән-жайларын объективті тексеруге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар