Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елді мекендерде мал басы көбейіп келеді - АРҚА АЖАРЫ

Елді мекендерде мал басы көбейіп келеді

Ерейментау ауданы облысымыздағы малды өңірлердің бірі. Мұнда 978,2 мың гектар жайылым, сондай-ақ, 10,5 мың гектар шабындық жер бар.

Биылғы жылы 85 мың 805 бас малды қыстатуға 131,2 мың тонна шөп, 25 мың тонна сабан, 7,4 мың тонна жемшөп, 12,4 мың тонна сүрлем және 16,4 мың тонна жем әзірленді. Мал азығын дайындау жоспары толығымен орындалды. Биылғы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ірі қара саны 61,2 мың басты, қой-ешкі 84,1 мыңды, жылқы 30,6 мыңды құрады. Бұл облыс өңірлерінің арасындағы ең жақсы көрсеткіш. Соңғы екі жылда ауданда мал басы біршама өсті. Негізгі бағыт – етті мал шаруашылығын дамыту болып табылады. Бүгінгі таңда шаруашылықтарда 10 мың бас асыл тұқымды мал бағылады. Малды асылдандырумен «Торғай» «Айзет фармс», «Масақпай», «Кеңөткел НС» серіктестіктері, «Береке-5», «Қайнар» шаруа қожалықтары тәрізді 29 шаруашылық айналысады. Биылғы жылы 7 ет фермасы құрылды. Олар 846 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алды. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі «Сыбаға» ресурсында ірі қара малды асылдандыру бойынша 9701 бас сиыры бар 122 шаруашылық тіркелген. 7899 бас ірі қара асылдандырылуда. Бұл бағытта 378 бас асыл тұқымды бұқа пайдаланылды. Оның 142-сі биылғы жылы сатып алынды. 87 бас бұқа жалға берілді. 70 шаруашылық селекция және асыл тұқымдандыру жұмысына 68,4 миллион теңге субсидия алды.
«Жаңа Береке» серіктестігінде 3 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы бар. Бүгінгі күні ірі қара мал саны 3051 басқа жетті. Оның 2317-і мал бордақылау алаңында тұр. Қыс айларына 1200 тонна шөп, 9 мың тонна сүрлем, 2500 тонна жемшөп дайындалды. Пішен дайындау науқанында комбайншы Владимир Прокудович, орақ науқанында Юрий Матюлко жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Азықтық дақылдар 600 гектар алқаптан жиналды. Шаруашылық малды азықтандыруда шетелдік әріптестерінің тәжірибесін, яғни, қазіргі заманғы және инновациялық әдісті қолданады. Сондай-ақ, қазақтың ақ бас тұқымын өсірумен айналысып, оның өнімін Иран, Қытай тәрізді шет елдерге сатуда. Ауданда «Хамзе» шаруа қожалығының тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді. Мұнда 328 бас ірі қара бағылады, оның 130-і сауын сиыр. Шаруашылық 2 мың тонна шөп, 3 мың тонна сабан, 1 мың тонна жемшөп дайындады. Шөп науқанында механизатор Абай Нұрғазин жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Тауарлы-сүт фермасының сауыншысы Екатерина Ногаева әрбір сауын сиырдан 4500 литр сүт сауды. Биылғы жылы «Елтай Сүт» әлеуметтік кәсіпкерлік кооперативінің тауарлы-сүт фермасын құру жобасы жүзеге асырылуда. Мал қоралары мен малшылар үйі салынды. Германиядан 93 бас қашар әкелінді. Ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, 5 жұмыс орны ашылды. «КаzHorse Mugalzhar» серіктестігінде асыл тұқымды 1359 бас мұғалжар тұқымдас жылқылар, 778 бас ірі қара, 112 бас «Ангус» тұқымдас мал бағылады. Өңірде 100 шаруа қожалығы қой түлігін ұстайды. Жалпы, аудандағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мал басын көбейтуге әлеуеті зор. Ол үшін бар мүмкіндіктерді пайдаланып, жаңа шаруашылықтар құруды жоспарлап отырмыз.
Гүлнәр ЖҮНІСОВА,
Ерейментау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар