Ұстаздар өз бақтарын сынады

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ақмола облыстық филиалына қарасты педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған Британдық Кеңестің халықаралық жобасын іске асыру мәселелері бойынша баспасөз конференциясы болып өтті. Жиынға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен филиал оқытушылары қатысты.

Аталмыш жобаға Ақмола облысынан 85 педагог қатысуға ниет білдірген екен. Олардың 57-сі, соның ішінде қала мектептерінің 19 және ауыл мектептерінің 38 педагогы тесті сәтті тапсырып, курсқа қабылданды. Жоба Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының бастамасымен жүзеге асырылуда және ағымдағы жылдың 18 қазанынан бастап бағдарламада оқудың екінші легі жоспарланған.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы Төрағасының кеңесшісі, республика бойынша жоба үйлестірушісі Нұрсұлу Сүлейменова мен Британ Кеңесінің жобалар жөніндегі менеджері Ардақ Бектұрованың қатысуымен өткен баспасөз конференциясы барысында мұғалімдер ұйымдастырушылық сипатта да, жобаның оқыту бағдарламасының мазмұны бойынша да сұрақтар қойып, оларға тұшымды жауаптар берілді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретте: іс-шарадан көрініс.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар