Талап болса, шеберлік қолдан келетін іс

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыстық «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетанушылық сәндік-қолданбалы шығармашылық байқауы ұйымдастырылды.

Іс-шараны «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізіп, оған өңіріміздің 16 ауданы, Көкшетау және Степногорск қалаларынан оқушылар қатысты. Байқау балалар мен жасөспірімдердің сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал етуге, көркем және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасуға бағытталған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалардың қолдарынан шыққан шығармашылық жұмыстар әртүрлі техникалармен және қызықты композициялық әдістермен ерекшеленеді. Байқауға 150-ден астам жұмыс келіп түсіпті.

Байқау қорытындысына тоқталсақ, «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым» аталымында Жақсы ауданының Оқушылар үйінен қатысқан Гүлсім Төлегенованың, «Табиғи материалдардан жасалған бұйым» бойынша аталмыш ауданның К.Өскенбаев атындағы мектебінің оқушысы Никита Морозовтың, «Матадан жасалған бұйымдар» аталымында Степногорск қаласындағы Л.Н.Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясының оқушысы Ангелина Рожкованың, «Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар» аталымында Жақсы ауданының Жақсы ауылындағы №2 орта мектебінің білім алушысы Тимур Буздуганның, «Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы» бойынша Жақсы ауданының Оқушылар үйінің тәлімгері Салихжан Мухамеджановтың, «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» аталымында Аршалы ауданының Аршалы кентінің балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі Анна Гуренконың жұмыстары үздік деп танылды.

Әрбір оқушының жұмысында өзіндік талғам мен эстетика, тақырыпты ашуға деген талпыныс айқын байқалған байқау жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен, ал, олардың жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.

Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар