Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астананың іргесіндегі аудан ерекше көзқарасты талап етеді - АРҚА АЖАРЫ

Астананың іргесіндегі аудан ерекше көзқарасты талап етеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Целиноград ауданының әкімі Бақытбек Оспанбеков өңірдің жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына тоқталып, журналистердің сауалдарына жауап берді.

– Аудан диқандары 220 мың тонна астық жинады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 8 мың тоннадан астам майлы дақылдар, 5 мың тоннадан астам картоп және бір мың тонна көкөніс өсіріліп, 92 мың тоннадан астам жем дайындалды. Жалпы, ауданда 33,6 мың тонна сүт пен 22,8 мың тонна ет өндірілді. Өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылы негізгі капиталға 51 миллиард теңгеден астам қаржы тартылды. Оның 35 миллиард теңгесі – жеке инвестициялар. Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылдан бастап, 2023 жылға дейінгі мерзімге жалпы сомасы 33 миллиард теңгеден астам 16 инвестициялық жоба іске асырылуда. «Бизнестің жол картасы» бойынша субсидиялау түрінде жалпы сомасы 219 миллион теңгенің 27 жобасы мен кредиттерді кепілдендіру түрінде 256 миллион теңгенің 19 жобасы қолдауға ие болды. Жыл басынан бері «Бастау Бизнес» жобасы аясында «Еңбек» бағдарламасы бойынша 181 адам білім алды. Сондай-ақ, 142 миллион теңгенің 34 шағын несиесі және 17 миллион теңгенің 30 өтеусіз гранты берілді,–деді аудан әкімі өз есебінде.

Инфрақұрылымдық жобаларды іске қосу, тұрғын үй құрылысы және жолдарды жөндеу жұмыстары бюджет қаражатының басым бағыттары болып табылады. Өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға шамамен 11 миллиард теңге бөлінді. Жұмыстар 21 объектіде жүргізілуде. Ауданды сумен қамтамасыз ету мәселелері де жоспарлы түрде шешілуде. Ағымдағы жылы, жалпы ұзындығы 217 шақырым болатын Талапкер, Шұбар және Ынтымақ ауылдарында сумен жабдықтаудың таратушы желілерін салу және реконструкциялау нысандары пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда, Төңкеріс, Тайтөбе, Қабанбай батыр, Қараөткел ауылдарында да осындай жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері жұмысқа орналасу мәселелері бойынша 1311 адам өтініш білдірді. Оның ішінде 837 адам жұмысқа орналасты. Жұмыссыздар саны 407 адамды құрайды. Сонымен қатар, Целиноград ауданы облыстағы тұрғын үй құрылысы бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. Ағымдағы жылы, 178 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Аудан орталығында тағы 27 көп пәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда.

–Өңірде мектептердегі үш ауысымды оқыту мәселелері де шешілуде. Оқу орындарының тапшылығын төмендету мақсатында үш білім беру объектісі іске қосылды, 7 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында жаңа денсаулық сақтау объектілері қарастырылуда. Софиевка ауылында 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Бүгінгі таңда тағы екі нысанның құрылысы жүргізілуде, – деді одан әрі әкім.

Бүгінгі таңда өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде тұрақтылық бар. Өнеркәсіп өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімдері, тұрғын үйлерді пайдалануға беру, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көлемі ұлғайып, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын қолдау шаралары маңызды орынға ие болуда.

Рамазан ТІЛЕУОВ.
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар