Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 10 айдың жұмысын қорытындылады - АРҚА АЖАРЫ

Өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 10 айдың жұмысын қорытындылады

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Арман Рахимов «Аntikor ortalyǵy» алаңында 2021 жылғы 10 айдағы жұмыс қорытындылары туралы онлайн-брифинг өткізіп, өңірде іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы айтып берді.

Спикер айтуынша, жыл басынан бері облыстың 9 мемлекеттік органында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 50 ұсыным әзірленді. 5 НҚА-ға анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондай-ақ, 7 сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді және тақырыптық мониторинг өткізілді.

«Айта кету керек, тәуекелдерді сыртқы талдау мемлекеттік реттеудің әртүрлі салаларында, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салаларда және халық тарапынан келіп түсетін шағымдар көп болатын салаларда жүргізіледі. Мысалы, қазір Көліктік бақылау инспекциясының қызметіне талдау жүргізілуде. Бұл ретте, талдау қорытындылары бойынша ұйымдардың жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгіленіп қана қоймай, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды, оның ішінде сыбайлас жемқорлықты жасау үшін алғышарттар болып табылатын нормативтік — құқықтық құжаттардағы олқылықтар да анықталады», — деп атап өтті Арман Рахимов.

Департамент басшысының мәліметінше, мемлекеттік сатып алулар мониторингі аясында Сатып алулардың бірыңғай терезесі арқылы жыл басынан бері 1 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді. Мысал ретінде, спикер бастапқыда 52,6 млн теңге сомасына (1 метрдің бағасы — 68 848 теңге, ал нарықтық құны — 29,663 теңге) электр дәнекерлеу құбырын сатып алу жоспарланған Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК-да 30 млн теңге сомасына бюджет қаражатын үнемдеуді атады.

Облыстың жергілікті атқарушы органдарына есеп беретін 184 квазимемлекеттік сектордың ұйымында комплаенс мамандары жұмыс істейді, олардың міндеті — корпоративтік адалдық стандарттарын сақтау және өз ұжымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу шеңберінде облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР ӘҚБтК-нің 681, 676, 665-баптары бойынша 5 материал жасады, олар бойынша 740 мың теңгеге жуық сомаға айыппұл салынды және өндірілді.

Жыл басынан бері «Antikor.Live» жобасы аясында Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында өзекті тақырыптар бойынша 250 тікелей эфир өткізілді. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Adal kómek» жобасы шеңберінде адвокаттардың, нотариустардың, заң саласы өкілдерінің 1000-ға жуық онлайн-консультациясы өткізілді.

Үйлестірілген тәсіл мақсатында алдын алу іс-шаралары Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
«Департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру бойынша тиісті жұмыс жүргізуде, алайда азаматтардың белсенді қатысуынсыз айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу қиын, сондықтан әрқайсысын шетте қалмауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өз үлесін қосуға шақырамын», — деді Арман Рахимов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар