Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шағын трактор құрастыру ұсынысы қолдау тапты - АРҚА АЖАРЫ

Шағын трактор құрастыру ұсынысы қолдау тапты

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев индустриалдық-инновациялық бағдарламаны одан әрі жетілдіріп, жүзеге асыру мақсатында «Минск трактор заводы» акционерлік қоғамының бас директоры Виталий Вовк, Айдабол спирт зауытының директоры Петр Ольферт, Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов, «B2U» серіктестігінің директоры Әлібек Есмағамбетовті қабылдады.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев «Минск трактор заводы» акционерлік қоғамының бас директоры Виталий Вовкты қабылдап, екі жақты ынтымақтастық байланыс мәселелерін қарастырды.

Өңір басшысы Беларусь Республикасында жасалған ауыл шаруашылығы техникаларының елімізге, оның ішінде біздің өңіріміздің диқандарына бұрыннан жақсы таныс екендігін, ол техникалардың сапасына механизаторлардың риза екендігін айта келіп, Беларусь пен облыс арасындағы ішкі тауар айналымы үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 37 096,8 мың АҚШ доллары көлемінде болғанына, бұл көрсеткіштің өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5,7 пайызға өскеніне, екі ортада қалыптасқан оң қарым-қатынас бар екеніне тоқталды.

Бұл жолы М.В.Вовк мырза жаңа ұсыныспен келіпті. Ол – біздің өңірде шағын фермалар, шаруа қожалықтарында жұмыс жасауға қолайлы, ықшам қимылға ыңғайлы трактор құрастыру. Осыған орайлас екінші ұсынысы – оқыту базасы мығым бір колледжді таңдап, сонда ауыл шаруашылығы техникаларын, басқа да техника түрлерін, автомобильдерді кең түрде жөндеушілер, реттеп құрастырушыларды оқыту. Сол колледж жанынан арнайы цех құрып, студенттердің әрі шеберліктерін шыңдап, әрі табыс табуына жол ашу. Сондай-ақ, колледж оқытушыларын Беларусь еліне шақырып, олардың тәжірибесін толықтыру.
Өңір басшысы мейманның ұсыныстарын толық қолдайтынын, оны жүзеге асыру жоспарын дайындап, жақын арада онымен таныс-тыратынын жеткізді.

Зауыт жұмыс істеуі керек

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Айдабол спирт зауытының директоры Петр Ольферт бастаған осы кәсіпорын өкілдерімен кездесіп, зауытты жабылудан аман алып қалу жолдарын талқылады.

Жүз жылдан астам уақыт бойы өнім өндіріп келе жатқан Айдабол спирт зауыты биыл жабылады деген хабар естіліп, бірер ай тоқтап та қалған күндері болды. Онда 200-дің үстінде адам қызмет істеп, табыс табады. Елді мекеннің тыныс-тіршілігі де осы зауытпен тікелей байланысты. Сол кәсіпорында 32 жыл жұмыс жасап келе жатқан бас технолог Ю.Зинченконың айтуына қарағанда, ауыл тұрғындары көшенің, жолдың қарын тазалау, жолын ашу, қысылған науқасты шұғыл дәрігерге жеткізу үшін зауыт басшылығына хабарласады. Жылу жүйесінің де қалыпты берілуін зауыт қадағалайтын. Зауыт жұмысшыларының көбінің несиесі бар, студент балаларының оқу ақысын төлейді. Қысқасы, зауыт жабылса, ауыл тұрғындарына қиын болады.

Зауыт директоры П.П.Ольферт өздерінің жабылу себебі өнімдерінің өзіндік құнының күрт өсуінен және сатылымының төмендеуінен екендігін айтып, басшылықтың осы мәселелерді шешуге көмектесуін сұрады. Сол сияқты, зауыт акциясының екі иесі бар. Олардың арасындағы өзара келіспеушіліктің де кері әсері болып отырғаны кәміл.
Барлық мәселені тыңдай келе облыс әкімі Ермек Маржықпаев:
– Айдабол спирт зауыты әбден қалыптасқан кәсіпорын. Қаншама адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан да, туындаған барлық мәселелерді жан-жақты қарастырып, көмек жасаймыз. Қалай болғанда да оның жабылмауын қалаймыз, – деп түйіндеді отырысты.

Моноқалалар қарқынды дамытылады

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысының моноқалаларды дамыту туралы берген тапсырмасына орай, Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржановтың есебін тыңдап, бірқатар міндеттер жүктеді.

Қазір біздің елімізде 27 моноқала бар. Степногорск солардың бірі. Қала әкімі А.Қайыржанов өз баяндамасында Степногорскінің іргесінің 1964 жылы қаланғанын, онда 66 970 адам тұратындығын айта келіп, ондағы кәсіпорындардың табысы мен көрсеткіштеріне тоқталды. Жалпы өнім өндіруде тұрақты түрде өсім бар. Мысалы, подшипник зауытының табысы 9 пайызға өскен. Індет жайлаған қысылтаяң кезеңде әр кәсіпорынның жылды аз да болса өсіммен, жақсы көрсеткішпен аяқтауының маңызы зор. Ең бастысы, жабылып қалған кәсіпорын жоқ. Ал, жаңа құрылымдар ашылып, жаңадан жұмыс орындарының пайда болуы қуанарлық жағдай.

Дегенмен, шешімін табуға тиіс мәселелер де баршылық. Су және жылу, газ жүйесін жаңғырту, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, аурухананың ота жасау, жан сақтау, тағы басқа бөлімдері мен кабинеттерін күрделі жөндеуден өткізу қажет. Қаланың экологиялық жағдайы да көп жұмыс пен қаражатты қажет етеді.

Жиынға қатысқан әр сала мамандары, басқармалар басшылары шағын қаланы жетілдіру жөнінде бірқатар пікірлерін ортаға салды. Өңір басшысы желтоқсан айының аяғына таман Степногорск қаласын дамыту жоспарын толықтырып, пысықтап, қайта қарауды тапсырды.

Медициналық монитор өзімізде жасалмақшы

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев «B2U» серіктестігінің директоры Әлібек Есмағамбетовті қабылдап, біздің облысымызда жоғары технологиялық үлгідегі көпсалалы медициналық монитор шығару жөніндегі ұсынысқа қолдау білдірді.

Бүгінгі таңда мұндай медициналық монитордың бірнеше түрі бар. Өңір басшысына таныстырылғаны – негізгі бөлшектері Польшада жасалатын, үш тілді, көп салалы, жетілдірілген түрі. Өндірушілер қолдау болған жағдайда тұрғындардың денсаулығы мен емделуіне игі ықпалы бар осындай қондырғыны біздің облыс орталығынан шығаруға ниетті. Өңір басшысы бұл пайдалы мониторды осында құрастырып шығаруға қолайлы орын, дайын өнімдер қоймасын салатын жер, тағы басқа қажеттіліктеріне жергілікті бизнес өкілдері арқылы көмектесетінін білдірді.

Сұранысқа ие, науқастарды емдеуде тиімділігі мол қондырғыны шығаруға инвестор да табыларына сенім мол. Құрастыру цехына бірінші жылы 30, екінші жылы 50 адам тартылатыны, кейін одан көп адамның жұмысқа алынатыны белгілі болды.

Серік Жетпісқалиев,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар