Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бабаларымыздың ерлік жолы бүгінгі ұрпаққа аманат - АРҚА АЖАРЫ

Бабаларымыздың ерлік жолы бүгінгі ұрпаққа аманат

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Щучинск әскери-техникалық мектебінің Көкшетау қаласындағы филиалында ел тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, «Біз батырлардың ұрпағымыз» атты іс-шара болып өтті. Оған Ақмола облысының қорғаныс істері департаментінің өкілдері, ауған соғысы ардагерлері, әскерге шақырылатын жастар мен қала мектептеріндегі әскери патриоттық клубтардың мүшелері қатысты. Аталмыш іс-шара Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің әскери кафедрасымен танысудан басталды.

Әскери кафедраның тынысы туралы бейнеролик көрсетіліп, қару-жарақ пен әскери техника көрмесі ұсынылды.
Одан әрі Ақмола облысының қорғаныс істері департаменті алаңында салтанатты сапқа тұру рәсімі жүзеге асырылып, еліміздің Әнұраны орындалды.

–Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз және ол бәрінен қымбат! Біздің міндетіміз – кейінгі ұрпаққа кемел және қуатты Қазақстанды аманаттау» деген сөзін айта келе, тәуелсіздік бабалар аңсауы, тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатыр дегім келеді. Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарына жан-жақты өнегелі тәрбие беру қоғамымыздың алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ондай елдің еңсесі жоғары болады.

Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда, яғни, болашағымыз, жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан, сіздер жастар қауымы, болашақ Отан қорғаушылар, уақыттың кез-келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп берулерің керек. Санасы сергек, қазіргі заманғы технологияларды меңгерген нағыз патриоттар ғана осындай сынақтарға төтеп бере алмақ. Біз ұстаздар қауымы  жастардың ойын да, бойын да өсіруге білімімізді аянбаймыз, – деді өз сөзінде Ақмола облыстық ауған соғысы ардагерлері бірлестігінің төрағасы, әскери техникалық мектептің директоры Дуанбай Ыбырай. Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Салтанат БӘКІРОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар