Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Прокурорлық қадағалау мен бала құқы сөз болды - АРҚА АЖАРЫ

Прокурорлық қадағалау мен бала құқы сөз болды

Ақмола облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағынтай Елубаевтың төрағалығымен өткен кеңес отырысы барысында облыстық прокуратураның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері мен білім саласына қажетті мамандарды жұмысқа қабылдау ережелері талқыланды.

Соңғы жылдары өңірде прокурорлық қадағалау жүйесі қатаңдады. Жыл басынан бері облыстық прокуратура 113 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 1 мыңнан астам қылмыстың беті ашылған. Орынсыз жұмсалған 3,2 миллиард теңге анықталып, мемлекетке қайтарылыпты.

–Қылмыстық процестің үш буынды моделі өз нәтижесін беруде. Аталмыш процесті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында көтерген болатын. Міне, дәл осы процесс аясында азаматтардың құқықтары дер кезінде қорғалуда. Сондай-ақ, жаңа модель жоғары халықаралық стандарттарға жауап береді. Ақмола облысы басқа өңірлермен салыстырғанда, үш буынды модельдеу процесі бойынша алдыңғы қатарда. Яғни, биыл осы процесс шеңберінде бірде-бір азаматтың қылмыстық процесте құқықтарының бұзылуына жол берілген жоқ.

Биылдың өзінде прокурорлық ықпал етудің негізінде 260 мыңнан астам адамның құқықтары қорғалды. Соның ішінде 74 мың азаматтың конституциялық құқығын және 500-ге жуық кәсіпкердің шағымы бойынша құқықтарын қорғап шықтық, – дей келе, Ақмола облыстық прокурорының аппарат жетекшісі Ержан Жандосов прокуратура жұмысын қалай дамытып жатқандығы, алимент төлеушілермен күрестің қалай жүргізілетіні секілді мәселелерге ерекше назар аударды.

Осы ретте, баласына алимент төлемей жүрген жұмыссыз әкелерді прокуратураның ықпалымен жұмысқа орналастыру қалай жүргізілетіні, ал жұмысы бар, бірақ, өз баласына жаны ашымайтын, яғни, алимент төлемейтін безбүйректердің көліктерін айыптұрағына қойып, бірден қомақты қаржыны төлетіп жатқандарын айтты.

Облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов отырыста білім беру ұйымдарына директорлар мен мұғалімдерді қабылдаудың тиісті ережелерін айта келіп, балалардың құқығы, оларды қорғап, қолдау көрсету секілді мәселелерді көтерді. Қазіргі уақытта облыста 205 746 кәмелетке толмаған бала бар. Соның 1542-сі ата-ана қамқорлығынсыз қалған. Олар үшін аймақта 4 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Сондай-ақ, баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де қолға алыныпты.

–Жетім балаларды қолдау үшін жергілікті атқарушы органдар жыл сайын тұрғын үй бөледі. Соңғы үш жыл ішінде 201 пәтер бөлінді. Балалар үйінің түлектері колледждер мен жоғары оқу орындарында тегін білім ала алады. «Ана үйі» қорымен ынтымақтастық негізінде балалар үйінен бала асырап алу бойынша «Балажан» эксперименттік бағдарламасын енгізуге қатысты жұмыс жүргізілуде. 2022 жылдан бастап Ақмола облысы бала асырап алатын отбасылар институтын дамыту бойынша пилоттық жоба әзірлеуде, –деді Бейбіт Әйтімұлы.

Сонымен бірге, ол облыс орталығындағы №13 мектеп-гимназиясында орын алған жағдайға байланысты түсініктеме беріп, қосымша білім беру ұйымдарын ашып алып жатқан кәсіпкерлерді тексеруге заң бойынша рұқсат етілмейтіні, оқушылардың суициді жайында жан-жақты айтып берді.

Кеңес барысында сондай-ақ, облыс көлеміндегі бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру үшін сатып алынып жатқан қызметтердің бағасын анықтау, жергілікті маңызы бар балық аулайтын су айдындарының тізбесін бекіту жобалары қаралды.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар