Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғын үйлер де, мүгедектерге кедергісіз орта да керек - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғын үйлер де, мүгедектерге кедергісіз орта да керек

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының саяси кеңесі бюросының отырысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы аясында көпбалалы отбасыларға салынып жатқан тұрғын үйлерді уақытылы тапсыру және мүгедектерге кедергісіз орта қалыптастыру мәселелері қаралды. Саяси кеңес бюросына филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов төрағалық етті.

Саяси кеңес бюросының отырысына партия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Күн тәртібіне сай, алғашқы мәселе бойынша облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ермек Қарағаев есеп беріп, аяқталмай қалу қаупі бар құрылыс нысандары бойынша егжей-тегжейлі түсіндірді. Тұрғын үй салу мәселесі әрдайым өзекті.

Өткен жылы мердігерлер 600-ге жуық пәтердің құрылысын уақытылы аяқтамаған. Осы жылы да мұндай жағдай қайталануы мүмкін. Басқарма басшысының орынбасары мұны құрылыс материалдарының тапшылығымен және қымбаттауымен байланыстырып, бүгінде бірнеше жобаға түзетулер енгізілгендігін атап өтті.

–Біз ағымдағы жылдың соңына дейін 6 үйді тапсыруды жоспарлап отырмыз. Оның 5-еуі арендалық болса, 1-і несиелік жүйемен беріледі. Жыл басында 5 үй пайдалануға берілді. Жалпы биылғы жылы жоспарға сәйкесі 11 тұрғын үй пайдалануға беріледі, –дей келе Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Ерназаров, аяқталмай қалу қаупі бар нысандардың бүгінгі жай-күйін айтып берді. Сондай-ақ, аталған тақырыпта Ақкөл, Егіндікөл, Шортанды, Ерейментау аудан әкімдерінің орынбасарлары да баяндама жасады.

Бүгінгі таңда Ақмола облысында 28 мыңнан астам мүгедек адам бар. Олардың тұрмыстық-өмір сүру сапасын жақсарту мәселесі де көшбасшы партияның отырысында кеңінен қарастырылды.

–Бүгінгі күнге дейін 311 нысан мүгедектерге арналған инфрақұрылыммен толық қамтылған. Бұл жылдық жоспардың 93 пайызын құрайды. 14 ауданда мүгедектерге кедергісіз жағдай толық дерлік 100 пайызға ескерілген, дегенмен, Атбасар ауданында бұл мәселе аз мөлшерде орындалып отыр. Онда мүгедектердің кедергісіз жүріп-тұруы үшін жасалған жағдай небары 38 пайызды құрайды, – деді облыстық жұмыспен қамту жәнет әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова.

Бұл орайда, ауданда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған нысандарды бейімдеу ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін толық аяқталатындығын аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Қуатбеков жан-жақты түсіндірді.
Саяси кеңес бюросы барысында 2022 жылға арналған бюджет жобасын мақұлдау, партия филиалының қоғамдық кеңестерінің құрамына өзгерістер қаралып, жаңа төрағалар таныстырылды.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар