Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолдар ақылы болады - АРҚА АЖАРЫ

Жолдар ақылы болады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазавтожол» облыстық филиалының директоры Нұрлан Смайылов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрбек Темірханов пен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» облыстық филиалының ведомстволық сараптама жөніндегі инженері Игорь Стефан облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдарға ақы төлеу жүйесін енгізу және қысқы айларда жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына дайындық мәселелері жөнінде ақпарат берді.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 10 қарашадағы бұйрығына сәйкес 23 қарашадан бастап, «Нұр-Сұлтан — Павлодар», «Щучинск-Көкшетау» жолдары ақылы болатын болды. Осыған байланысты «Нұр-Сұлтан-Павлодар» бойынша жол құны 101,8 теңге және «Щучинск-Көкшетау» бойынша жол құны 60 теңгені құрайды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» акционерлік қоғамы директорының орынбасары Нұрбек Темірхановтың айтуынша, елімізде ақылы жолда жүру бағасы 2013 жылдан бері өзгерген жоқ. Аталмыш учаскелерге Ақмола облыстық филиалы «Қазақавтожол» серіктестігі қызмет көрсетеді. Бірақ, жаңа жылдан кейін оны нақты ортаға шығару жоспарлануда. Қазіргі уақытта, қысқы күтіп ұстау жұмыстарына арналған техникалар, қазандықтар мен өндірістік базалар дайын. Сондай-ақ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» облыстық филиалының ведомстволық сараптама жөніндегі инженері Игорь Стефан өз сөзінде филиалдың міндеттерін атап өтті.

Көлік жолдарын жөндеу және күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативіне сәйкес, филиал бойынша ағымдағы жылға қаржыландыру көлемі 5,8 миллиард теңгені құрады. Қысқы күтіп ұстау жұмыстары үшін «Қазақавтожол» серіктестігінде 164 техника бар. Олардың дайындығы 90 пайызды құрайды.

–Жыл басынан бері республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға 3 миллиард 748 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 1400 тонна көмір, 152 тонна тұз, 1000 тонна дизель отыны және 220 тонна бензин сатып алынды. Сондай-ақ, филиалда қараша айы бойынша 507 адам жұмыс істейді, – деді «Қазавтожол» облыстық филиалының директоры Нұрлан Смайылов өз сөзінде.

Сондай-ақ, шұңқырларды жөндеу, еңістер мен резервтерде ағаштар мен бұталарды кесу, жол жиегінен шөп шабу, су өткізу құбырларының тесіктерін жабу, уақытша белгілерді дайындау және орнату, қардан қорғау қалқандарын дайындау және орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда жолдарды қардан қорғайтын дуалдарды көшіру жүзеге асырылды. Ағымдағы жылы «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» 199-200 шақырым автожолында жалпы сомасы 21 миллион теңгенің жаңа темірбетон қар қалқандары орнатылды. Республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздік – жол компаниясының басты міндеттерінің бірі. Филиалда жолдарды қазіргі қысқа да-йындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Көктайғақ жағдайында жедел әрекет ету үшін қажетті техника мен материалдар дайындалды.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар