Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды туры онлайн режимде өтті.
Олимпиаданың мақсаты қолданбалы лингвистика пәні бойынша дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау.
Олимпиадаға лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің екі жеңімпазы қатысты:
— Балсейіт Елдана, Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы;
— Изотова Татьяна, Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Балсейіт Елдана ІІ дәрежелі диплом иегері атанды.