Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жан-Люк Моранжбен Қазақстандағы теміржол локомотивтері мен жаңартылатын қуат көздерін жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.
Вольфганг Кроппен кездесуде Маңғыстау облысында «жасыл» сутегі өндірісі саласындағы Hyrasia One инвестициялық жобасын жүзеге асыру мәселесі сөз болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін қолға алынған инвестициялық жобалардың қарқынды жүзеге асырылып жатқанына жоғары баға беріп, олардың Қазақстан үшін аса маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы елімізде жұмыс істейтін компаниялардың жобаларының жүзеге асырылу барысын өз бақылауына алатынын айтты. Бұл ретте барлық экологиялық нормативтер мен нұсқаулардың сақталуы қажет екенін жеткізді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан Үкіметі мен «Svevind Group» компаниялар тобының арасында Жобаларды іске асырудың негізгі қағидаттары туралы шекті келісімге қол қою рәсімі өтті.
Дереккөз: www.akorda.kz