Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Қыс - 2021» оқу-жаттығулары өтті - АРҚА АЖАРЫ

«Қыс — 2021» оқу-жаттығулары өтті

Ақмола облысында «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Оған төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелері, облыстық азаматтық қорғау қызметтері, БАҚ, оқу-жаттығуға қатысатын мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары қатысты, – деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Республикалық командалық-штабтық жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру және оның алдын алу жөніндегі іс-қимылдарға тексеру мақсатында жүргізілді. Төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ, азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, оқу-жаттығуды өткізу орны ретінде Ерейментау ауданы таңдалды.

–Биыл біз Ерейментау қаласын кездейсоқ таңдаған жоқпыз. Географиялық жағдайлары мен аумақтық орналасуы бойынша жыл сайын дәл осы ауданда қысқы кезеңде автомобиль жолдарында кептелістер болады. Аудан орталығына облыстық азаматтық қорғау қызметінің барлық өкілдері келіп, қысқы кезеңге дайындық тексерілді, – деді Нұрлан Атығаев.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай оқу-жаттығулар жыл сайын республиканың барлық облыстарында өтеді. Оқу-жаттығу жұмыстарын пысықтау мақсатында облыстың барлық қалалары мен аудандарында жедел штабтар құрылды.

Құтқарушылар төтенше жағдайлар кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық және карантиндік нормаларды сақтай отырып, екі күн қатарынан нақты уақыт режимінде іс-қимыл әрекеттерін пысықтайды.

Өткен жылдың қыс мезгілінде департаменттің бөлімшелері полиция департаментімен, қалалық және аудандық әкімдіктермен, жол қызметтерімен бірлесіп, қар құрсауынан 89 техниканы сүйреп шығарды. Республиканың автожолдарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін төтенше жағдайлардың құтқару бөлімшелері 69 рет сапарға шығуды жүзеге асырды. Оның барысында 550-ден астам адам құтқарылды және эвакуацияланды, жылыту пункттерінде 817 адам орналастырылды.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар