Жастардың білім мен тәрбие алуына қамқорлық көрсетіліп келеді

Елбасының «Nur Otan» партиясы Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» атты жас ұрпаққа арнаған Үндеуі мені қатты толғандырды. Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық белесін елмен бірге өткерген Елбасы мемлекеттілікті сақтап, Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету бүгінгі ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия, – деп жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар берді.

Жоғары білім беру саласында қызмет етіп, өңірдегі беделді жоғары оқу орны саналатын Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау универсетінінің тізгінін ұстағандықтан, әрі облыстық мәслихат депутаты ретінде Елбасының жастарға арнаған үндеуі мені бей-жай қалдыра алмады. Елбасы қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде ұсынған «Мәңгілік ел» болу – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.

Біз бұл армандарды, ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Десе де, Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан кешкен тарихи шындық. Өзара алауыздықпен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергенін де білеміз. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама? Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек.

Міне, осы ретте Елбасының ұсынып отырған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының бүгінгі жастар үшін маңызы зор болмақ. Осыны жастардың санасына құйып, түйсінуіне әрекет етуіміз керек-ақ. Бұл «білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» деген алтыншы қағидат арқылы жүзеге асады деп білемін. Себебі, ұлы Абай айтпақшы, біз тек өз біліміміз бен күшімізге сенуіміз керек. Ал, елімізде талантты, дарынды, алғыр, ғылым мен білімге құштар жастарымыз өте көп. Ендеше, осы жастардың тиісті білім мен тәрбие алуына мемлекетпен қатар «Nur Otan» партиясы да үлкен қамқорлық көрсетіп

отыр деп айта аламын. Мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуынан бастап, оқу орындарының материалдық-техникалық жабдықталуы, жоғары оқу орындарына гранттар бөлу, студенттердің жатақханамен қамтылуы сияқты жастар үшін өзекті мәселелердің барлығы партияның жіті бақылауында, әрі осы бағытта өңірде де бірқатар жұмыстар атқарылып отырғанының куәсі болудамын.

P/S: Айта кетейін, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысына партия жанындағы білім мен ғылым мәселелері бойынша аймақтық қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде бейнеконференция режимінде мен де қатыстым. Келелі жиында Елбасының партия алдына қойған міндеттерімен танысып, алдағы жұмыстың бағыт-бағдарын түйсіндім.

Елбасы бұл келелі жиында «Nur Otan» партиясы Төрағасы лауазымын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыруға шешім қабылдады. Саяси ұйымның көшбасшысын сайлау үшін партия съезі өтеді. Ал оған дейін Нұрсұлтан Назарбаев уақытша партия төрағасы лауазымын атқара береді.

Марат Сырлыбаев,

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры,

«Nur Otan» партиясы АОФ жанындағы білім мен ғылым

мәселелері бойынша аймақтық қоғамдық кеңестің төрағасы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар