«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының маңыздылығын талқылауға арналды

Облыс орталығындағы  «Bolashag saraiy»-ның мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы  «Miras» қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті. Оның мақсаты – ағымдағы жылдың 23 қарашасында «Nur Otan» партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының маңыздылығын талқылауға арналды.

Отырыста алдымен, сөз алған «Nur Otan партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, елімізде көптеген ұлттың өкілдері өмір сүріп жатқанын, олардың сан салада қызмет атқаратынын және мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосуда екенін атап өтті.

– Тәуелсіздіктің мызғымас құндылықтарын көрсететін іргелі ізгі істермен жас ұрпақты тәрбиелеп, дұрыс жолға қоюымыз керек. «Мирас» қоғамдық кеңесінің бүгінгі отырысында Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының маңыздылығына тоқталуы тегін емес. Жиынға өңірдің зиялы қауым өкілдері, яғни белгілі тұлғалар мен білім, мәдениет саласының мамандарын шақырылып, БАҚ өкілдері қатысып отыр. Олардың қағидаттарға қатысты пікірлері ортаға салынбақшы, – деген партия филиалының бірінші орынбасары «Мирас» өңірлік қоғамдық кеңесінің бірқатар өзгерістерімен де таныстыра келе, бұрынғы төраға Азамат Біржановтың орталық аппаратқа жұмысқа ауысуына байланысты Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Бейбіт  Бактыгереевтің төраға болып бекітілгенін жеткізді.

Одан әрі Бейбіт Салауатұлының төрағалығымен өткен жиында «Ақмола – «Тіршілік» серіктестігінің директоры, жазушы-драматург, мемлекет және қоғам қайраткері  Жабал Ерғалиев,  Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаттары Мәди Елубаев және Наталья Дементьева, «АПМ-инжиниринг» серіктестігінің директоры, Атбасар аудандық мәслихатының депутаты Руслан Зарапов, «Bolashag saraiy»-ның директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Айнагүл Балташева, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Ақбота Бейсейітова, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің тарих және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Риззат Елубаевтар сөз сөйлеп, «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының маңыздылығы туралы пікірлерімен бөлісті.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар