Жастар – еліміздің болашағы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Астрахан ауданы мәдениет үйінің залында «Жастар – еліміздің болашағы» атты жас педагогтар ассоциациясы қоғамдық бірлестігінің ашылу салтанаты өткізілді.

Қоғамдық бірлестіктің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жанар Шахпутова, білім бөлімінің басшысы Гүлсім Шаяхметова, жастар ресурстық орталығының директоры Шыңғыс Елеупов және жас мамандар қатысты.

Жастар Ассоциациясының қоғамдық бірлестігінің құрылуының негізгі мақсаты қоғамдық білімнің жаңа құбылыстарын түсінетін, көзқарастар жүйесіне ие, идеялық-адамгершілікті, мәдени және этикалық қағидаларды ұстанатын, әлеуметтік жауапкершілікті қызметке және тез өзгергіш әлемдегі үздіксіз білім алуға дайын болуды қамтамасыз ететін, жан- жақты білімді, әлеуметтік белсенді шығармашылық тұрғыда дамитын тұлғаның қалыптасуына көмектесетін кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалімдерді дамыту. Өзара тәжірибе алмасу, өздігінен білім көтеру, кәсіби құзыреттілігін көтеру арқылы өз ісінің шеберін дайындау болып табылады.

Жиын барысында Ассоциациясының қоғамдық бірлестік  төрағасы мен мүшелері бекітілді.

Шараның бірінші бөлімінде  жас мамандар арасында ассоциацияның мүшелері Дулат Оспанов – «STEM»  технологиясы», Айбат Имантаева – «Жас педагогтардың кәсіби биімделуі» және Серікгүл Омарбекова «Z ұрпағын қалай түсінесің?» тақырыбында тренингтер өткізді.

Екінші бөлімде ассоциацияның төрағасы Төлепберген Бұғыбай және орынбасары Дулат Оспанов қоғамдық бірлестіктің іс-шаралар жобасымен таныстырды. Сондай-ақ, «Менің кәсіби ұстанымым», «Кинопедагогика», «Мен жастарға сенемін» тақырыптары бойынша сөзқозғалды.

Шара соңында қонақтар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, жас педагогтар ассоциациясы қоғамдық бірлестігінің қатарына қабылданған мүшелерге сертификаттар мен төсбелгілер табыс етілді.

Астрахан ауданы

Холганат Данекер – Өндіріс ауылының ЖОББМ КММ-ң директордың  тәрбие жөніндегі орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар