Степногорскіде демалыс аймағы мен балалар алаңы ашылды

Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Степногорск қаласының 7 шағын ауданында демалыс аймағы мен балалар алаңының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға қала әкімі Алпысбай Қайыржанов пен тұрғындар қатысты.

«Құрылыс жұмыстары барысында сыртқы және ішкі жолдар төселді. Workout, балалар және спорт алаңдары салынып, жарықтандыру, қоқыс жәшіктері мен орындықтарды орнату, аула аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, шағын сәулет нысандары орнатылды. Жоба үшін облыстық бюджеттен 90 миллион теңге қаржы бөлінді», – деп атап өтті аудан әкімдігінен.

Нысанның ашылуында сөз сөйлеген қала басшысы жиналғандарды Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесімен құттықтады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар