Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жарық дүниенің жарқын адамы - АРҚА АЖАРЫ

Жарық дүниенің жарқын адамы

Қасиетті Қаратаудың құт қонған қойнауының қазаққа қорған да, орда да болғаны әлмисақтан келе жатқан ақиқат. Халқымыздың небір нәубетті де дәулетті кезеңдері мен дәуренді күндерінің куәсі де осы – Қаратау!

Қазақ атты халыққа әлемдік аттары бар Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын «Тарих-и Рашидидің», «Джаһаннаме» дастанының авторы, белгілі тарихшы, әдебиетші Мұхамед Хайдар Дулати, қазақтың елі мен жерінің тұтастығын қалыптастыру жолындағы аты аңызға айналған тарихи тұлға – Бәйдібек баба, қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан атақты Төле би, жыр алыбы Жамбылдың ізбасары Кенен ақын, көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов, кешегі батыр Бауыржан Момышұлы, әдебиет пен өнер қайраткерлері Шерхан Мұртаза, Әлібек Әмзеұлы сияқты небір талай да талай тұлғаларды да сыйлаған осы – Қаратау!

Қазақ атты халыққа әлемдік аттары бар Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын «Тарих-и Рашидидің», «Джаһаннаме» дастанының авторы, белгілі тарихшы, әдебиетші Мұхамед Хайдар Дулати, қазақтың елі мен жерінің тұтастығын қалыптастыру жолындағы аты аңызға айналған тарихи тұлға – Бәйдібек баба, қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан атақты Төле би, жыр алыбы Жамбылдың ізбасары Кенен ақын, көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов, кешегі батыр Бауыржан Момышұлы, әдебиет пен өнер қайраткерлері Шерхан Мұртаза, Әлібек Әмзеұлы сияқты небір талай да талай тұлғаларды да сыйлаған осы – Қаратау!

Әрине, қазыналы Қаратаудың қасиетті топырағынан жаратылып, өскен де өнген, өркендеген және де қазақ деген халықтың аты мен абыройын жер жаһанға мәшһүр еткен жақсылары мен жайсаңдарының толық тізбесін жасаудың өзі де мүмкін емес. Мақсатымыз да бұл емес! Айтпағымыз, сол қасиетті Қаратаудың елі мен ерлерінің тарихи сабақтастығының алтын арқауына айналып отырған бүгінгі перзенттері жайлы еді!

Әзіргі әңгіменің біреуі мен бірегейі Досымхан Әлішұлы жайлы болсыншы! Жүзі жылы, жаны жайсаң, алды кең, құшағы ашық осы бір азаматтың Көкше еліне келіп, қызмет жасай бастағанына да көп бола қойған жоқ. «Жақсыда жаттық жоқ» демекші, сол бір жақсы көңіл, жақсы ниетімен Көкше елінің игі жақсыларымен тонның ішкі бауындай болып, араласып кете барды.

Жер басып жүрген тірісін былай қойып, сол Көкшенің өзі бала кезінен санасына сіңіріп өскен тарихи тұлғаларына да тағзым ете келді. Қадірін қалың қазақ таныған кешегі Ақан сері мен Біржан сал әндетіп гәккулеткен мекендегі осы бабалар қабірінің басына барып, тәу етіп, елдің аруағына бас иді. Бурабайдағы хан Абылайдың алаңынан бастап, Сырымбеттегі Айғаным анамыздың қорық музейлері аралығындағы Көкшенің ғана емес, барша қазақтың құт пен береке, қасиет пен кие дарыған мекендерін аралап, соларды қызықтап қана қоймай, бойына күш-қуат жинап, ойына ой қосып, рухтанып, жігерленіп қайтып жүрді. «Көкше ғой бұл! Көкше ғой!» деген көңіл түкпіріндегі, жер шоқтығы Көкшетауға деген жүрек түкпіріндегі әлдебір сезім сыр шертетіні де бар.

Тектілердің қасиетін жасынан сезініп, сол қасиет атаулыны бір бойына жиып өскен Досымхан Әлішұлының өз тегі де тереңнен тамыр тартары бар. Ежелгі қазақ тарихында орны бар Есім хан мен Жәңгір ханның сенімді серігі, жоңғарлар шапқыншылығына қарсы күрес кезінде қол бастаған Көшек батыр Қарасайұлынан тарайтын бүгінгі ұрпақтарының бірі осы Досымхан!

Талас өзенінің төменгі бойында туып-өскен Көшек батырдың жазғы жайлауы болған Тектұрмастың түбіндегі биік шоқыны халық Көшек батырдың көзі тірісінде-ақ «Көшек шоқысы» деп атап кетсе, осы күндері Көшек батырдың кесенесі сол Қаратау бөктерінде асқақтап, мен мұндалайды.

Жол түсіп бардым, сәтін салып көрдім батыр баба кесенесін! Бұл батыр кенсенесі жетелі ұрпақтың жетесіне жетерліктей биіктіктен асқақ қарап, мынау Ұлы даланың бүгінгі және ертеңгі ұландарына ұран салып, аманат айтып тұрғандай күй кешерің бар. Көңілдің сол күйімен биікте тұрып, кең жазиралы далаға сүйсіне көз саласың да, осыншама байтақ жерді атының тұяғымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғап қалған қайран да қайран бабаларымыздың аманаты осы Дала ма дерсің?! Иә, сол аманат даланың Талас бойындағы шағын ғана Көшек батыр ауылында осыдан алпыс үш жыл бұрын дүние есігін ашқан Досекең, Досымхан Әлішұлы Аралбаевтың жан мен ар тазалығы тереңнен бастау алары бар! Ол бастаудың көзі өз әжесі жарықтық Тәлишаның құшағында жатқандай.

Одан қалды, нағашы апасы Айтжан да жиенінің тәлім-тәрбиесінде елеулі із қалдырды. Біраз батырлар жырын жатқа айтатын зерделі нағашы апасы Айтжан да, өз әжесі Тәлиша да бала Досымханға ертегі айтудан және батырлық жайлы жыр айтып беруден жалықпайтын. Сөйтіп, қос әженің бала Досымханның құлағына құйып, санасына сіңірген батырлық пен ерліктің және де адалдықтың жыр періштесі оның ішкі жан сарайының таза да арлы болып қалыптасуына ықпал еткені сөзсіз болатын.

Жыр періштесінің қос қанатты талабымен мектеп оқушысы Досымхан жазған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова жайлы шығармасы аудан мектеп оқушылары арасында ең үздік шығарма болып танылуы да бала көңілдің алғашқы ерлігі еді. Сол ерлігімен қазір де жасампаздық істерін жалғастырып, текті ата-бабасы мен ардақты ана-әжелерінің аманаттарын арқалап, өз өмірінің сүрлеуімен жасап келе жатқан Досымхан Әлішұлының ендігі ғұмырының өзін өзгелерге ұялмай-ақ өнеге етуге жарар еді! Жарағанда да қандай?!

Өз соңдарында қалған салиқалы ұрпағы барын кешегі Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткен атасы Аралбай да, одан бұрын сол өңірдің бай-манабы ретінде қуғындалып, тәркіленіп кете барған бабасы Жұмағұл да білер ме екен?! Жарықтықтар білер, сезер! Жуырда ғана осы ата-бабаларының аруағын тербелтіп, құран оқытып, ас беріп қайтқаны да бар! Қабыл болғай! Шынайы өз әкесі Әлішті де, анасы Күлданды да перзенттік көңілімен әрдайым еске алып, сағынышпен айтып отыратын Досымханның жүрегіндегі мол сүйіспеншілік пен жан тазалығы оны қашан болсын биіктете түседі. Осы бір қарапайым еңбек адамдарының ақылдары адастырмады, парасаттары шалдықтырмады өз ұрпағы Досымханды! Және де Досымханның өзі туып-өскен ауыл іргесіндегі Қызыларық пен Қызылжар өзендерінің жағасында балалығының ізі сайрап жатқаны да анық.

Ол өзі туып-өскен ауылының жүдеп қалуын қаламайды. Сол үшін өз қаржысын да, күшін де жұмсап, шағын ғана ауылын көркейтуді, халқының әлеуметтік жағдайларының да ешкімнен кем болмауын қайда жүрсе де, ойлап жүреді, қарайласып жүреді. Бір кездері осы ауылдан соғысқа аттанған жүз елу азаматтың тең жартысы оралмағанын да көкейіне түйіп жүретін Досымхан майданнан оралмаған жауынгерлерге ескерткіш тұрғызды. Жан-жағын жайғастырып, айналасын арайландырып, төңірегін түгендеп жүрер жаратылысынан біткен кісілік қасиетімен Досекең өзінің жан жары Гүлдариғаның әкесі Қамбарбектің де туған бауыры, батальон командирі, майор болған Рәтайдың сүйегі қалған Германия жеріндегі қабіріне туған жерінің бір уыс топырағын апарғаны да бір сауапты іс еді.

Тумысынан тектілігіне басып, туған елі мен халқына адал қызмет етуді мұрат еткен Досымхан Әлішұлы 1975 жылы орта мектепті бітірісімен, Алматы энергетика институында білімін жалғастырып, өз саласының білікті маманы болып шыққан еді. Сол біліктілігімен «Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі» және одан кейін «Қазақстанның құрметті энергетигі» атақтарын иемденіп, омырауына тәуелсіз еліміздің «Құрмет» ордені мен бірнеше медальдарын таққан Досымхан Аралбаевтың жеткен бір биігі осы болса, ең бастысы, Досекеңнің өз елінің жүрегінен алған бәрінен де мәртебесі жоғары орны бар!

–Жамбыл жерінде жарық жүйесін ретке келтіруге қосқан үлесі мол, әрбір подстанция мен бағананың жай-күйін жатқа білетін маман. Талай игілікті, қайырымдылық шараларға ат салысып, қаншама жеке адамға қол ұшын берген кең пейіл иманды азамат деп атап кетсек болады. «Ағайынға мейірбан, досқа адал жан, атын бекер Досымхан қоймаған ғой, достың сұлтаны осындай-ақ болар, ­–дейді Жамбыл облысында, сондай-ақ, республикалық басылымдарда басшылық қызмет атқарған мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиетші-журналист Кеңесбек Демеш әріптесіміздің осы бір ауыз сөзі біздің Досымхан Аралбаевтың адами қасиетін де, іскерлігін де асқақтата түсері бар.

Қазіргі уақытта «Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры болып жүрген Досымхан Аралбаев өзінің зерделі түйсігімен тұтас Қазақстанның электр энергетикасының жай-жапсары мен болашағын ойлайды. Білікті маман және іскер басшы ретінде ол елдің дамуы энергетика саласының тұрақтылығына тікелей байланысты екенін үнемі айтумен келеді.

«Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі энергия таратушы ұйым ретінде оның бас директоры Досымхан Аралбаев бастап, Көкшетау қаласында электр желілерін дамыту бойынша жаңа бағыттар белгілеп, күрделі де жетекші саланың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете білуде. Дегенмен, тозығы жетіңкіреп қалған және де жүйелі жұмыстың сылбыр тартуынан шегіншектеп қалған серіктестіктің ісін ілгері алып кету Досымхан Әлішұлы үшін әуелде оңайға түспегені де анық.

Күні-түні шолғыншылай жүріп, Көкшетау мен Қызылжар аралығында созылып жатқан электр сымдары тартылған бағаналар бойымен жүріп өтуге де тура келді. Ескірген, тіпті бір кішкене жел тұрса жалп етіп, сөніп қала беретін подстанцияларды біртіндеп жаңарту да оңай шаруа болмады, істеу керек еді! Өз алдына қойған және де сеніп тапсырылған істің жауапкершілігін әрдайым терең сезіне білер Досымхан Аралбаев осы бір қиын істің де түйінін біртіндеп шешіп, ең бастысы, өзі басқарып отырған үлкен ұжымның сеніміне ие болды. Керегі де сол еді! Сенім бар жерде істің өзі-ақ дөңгелене жүре берерін әуелден жақсы білетін Досымхан Әлішұлы үшін сол сенім бәрінен де қымбат!

Жабал ЕРҒАЛИЕВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар