Ақмола облысында белсенді жастар марапатталды

Облыс орталығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Жас ұстаз – ел болашағы», «KDM – LIFE», «Ұлы тұлғалар жолымен» жастар арасындағы онлайн – конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Іс-шаралар жұмыс істейтін, студент және оқушы жастардың белсенді азаматтық ұстанымын арттыру, жастар қозғалысын дамыту, қоғамдық санада қазіргі заманғы табысты жас қазақстандықтың идеалын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

“Сайыстардың әрқайсысы екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар дайындалған бейнероликтер мен жобаларды ұсынды, содан кейін оларды әлеуметтік желілерде жариялады. Екінші кезеңде қазылар алқасы мүшелеріне өз жұмыстарының тұсаукесерін өткізді”, – дейді ұйымдастырушылар.

Барлық турлардың қорытындысы бойынша, “Жас ұстаз – ел болашағы” байқауында Қосшы қаласы №2 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуаныш Мұқашева бірінші орынға ие болды.

“Ұлы тұлғалар жолымен” байқауында әдебиет және өнер саласында Мәлік Ғабдуллин атындағы “Азаматтық және патриоттық үшін” номинациясында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің аға оқытушысы Риззат Елубаев жеңіске жетті.

Шоқан Уәлиханов атындағы “Этнография және фольклор саласындағы үздік зерттеуші” номинациясы бойынша Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің магистрі Есболат Айткен жеңімпаз атанды.

“KDM – LIFE” байқауында бірінші орын Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетіне берілді.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сертификаттар мен дипломдармен марапатталды.

Айта кетейік, Ақмола облысында 14-29 жас аралығындағы 152 мыңға жуық жас азамат тұрады. Ел Тәуелсіздігінің мерейтойлық жылында өңірде екі мыңнан астам түрлі жастар іс-шаралары өткізілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар