ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған сәйкес: «Қызыл» аймақта: Ақмола облысы. «Сары» аймақта:
Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. Айта кетейік, Ақмола облысы кеше «сары» аймақта тұрған болатын.
Дереккөз: www.inform.kz