Аршалыда «Ел тірегі – Елбасы» акциясы өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Халық» қайырымдылық қоры Қазақстанның барлық өңірлерінде басталған кезекті ауқымды «Ел тірегі – Елбасы» қайырымдылық акциясын іске қосты. Акция барысында әр отбасына 50 келіден азық – түлік үлестрілді.

Онда күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және жаңа жылдық кәмпиттер бар. Аршалы ауданында мұндай азық – түлік себеті 35 аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларға беріледі.

Аршалы ауданының әкімдігі Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Мұрат Шәмшинұровқа және «Вишневская нефтебаза» ЖШС директоры Владимир Бехтольдқа азық-түлік себеттерін алушыларға жеткізуде көрсеткен көмегі үшін үлкен алғыс білдіреді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар