Ақмолалық қыздар бокстан Қазақстан чемпионы атанды

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз хатшысының мәліметінше Щучинск қаласында бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарысқа 100-ге жуық былғары қолғап шебері қатысты.

«Оның ішінде ақмолалық былғары қолғап шеберлері Дина Жоламан 54 келі және Карина Ибрагимова 57 келі бойынша чемпион атанды. Ал, Адель Ысқақова 52 келі және Валерия Аксенова +81 келі салмақта қола медаль иеленді», – деді ведомстводан.

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Высоцкий атап өткендей, Дина Жоламан чемпионаттың үздік боксшысы атанды. Оған Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаевтың атынан бағалы сыйлық тапсырылды. Ал, Валерия Аксенова болса ҚР спорт шебері нормативін орындады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар