Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын! Біздің еліміздің өз егемендігін алған отыз жылдық мерейтойы күні, бүгін біздің әрқайсымыз бұл датаның маңызын одан сайын сезіне түсеміз. Біздің бәріміз үшін Тәуелсіздік – жоғары құндылық және басты жетістік.

Біздің еліміз осы жылдар ішінде аз болмаған өмір сынағын лайықты жеңе білді. Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен бізге қиыншылықтарды жеңіп қана қоймай, сонымен бірге, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз еткен, стратегиялық мақсаттарға жетудің негізін қалаған түбегейлі реформалар жүргізу де мүмкін болды. Бүгін бұл жолды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев лайықты жалғастырып келеді.

Бүкіл еліміз сияқты, Ақмола облысы үшін бұл отыз жыл өзіне мемлекетіміздің қалыптасу кезеңіндегі күрделіліктерді, халықтың әл-ауқатының өсуін, ұлттың патриоттық және мәдени кодының қайта жаңартылуын біріктіретін тұтас бір дәуір болды. Отыз жыл ішінде біздің аймақ аграрлық аймақтан Қазақстанның аграрлық-индустриялдық жетекші күштерінің біріне айналды. Бүгінгі таңда біз ел көлемінде подшипниктердің барлығын, астық комбайндарының 68 пайызын, арнайы автокөліктердің 47 пайызын, тракторлардың 43 пайызын, құс етінің 38 пайызын, жартылай өңделген алтынның 27 пайызын, өңделген сүттің 18 пайызын, құрамында алтыны бар кеннің 45 пайызын өндіреміз. 1991 жылдан 2020 жылға дейін өнеркәсіп өндірісінің көлемі аймақта 10 миллионнан 1 триллион теңгеге дейін өсті, негізгі қорға инвестициялар салу 115 есе ұлғайтылып, 426 миллиард теңгені құрады.

Ауа райының қолайсыз жағдайларына қарамастан, ауыл еңбеккерлері орақ науқанын мерзімінде тәуір нәтижелермен аяқтады. Тәуелсіздік жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 59,5 есеге өсті. 30 жыл ішінде 7 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй алаңы пайдалануға беріліп, 62,4 мың отбасы жаңа қонысқа көшті. Соңғы жылдары құрылыс одан сайын қарқын алып, жылына жарты миллион шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтеруде.

Әлеуметтік сала да дами түсуде. Жыл сайын денсаулық сақтау және білім салаларының бюджеті өсіп, жаңа бала бақшалары, медициналық және мәдени мекемелер іске қосылуда. Облыстың әрбір оныншы мектебі тәуелсіздік жылдары салынды. Жыл сайын бұқаралық спортпен айналысу үшін, соның ішінде мүгедектердің спортпен айналысуына жағдай туғызу үшін көп жұмыстар атқарылуда. Біздің азаматтарымыздың тұрмысы жайлы болуы үшін мұның бәрі де керек.

Құрметті жерлестер! Сіздердің бәріңізге біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының дамуы жолындағы еселі еңбектеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді. Отыз жыл ішінде біз қоғамымызда әралуан дәстүрлер мен тілдерді сақтап, түрлі тарихи дәуірлердің жетістіктерін қабыл алуды және бағалауды, бір-біріміздің діни таңдауымызды құрметтеуді үйрендік. Мұның бәрі Қазақстан халқының ұлттық және саяси саналылығын көрсетеді.

Ал, өз жерімізге сүйіспеншілік, халқымыздың салт-дәстүрлерін сыйлау және жетістікке ұмтылу біздерді одан сайын біріктіріп, туған жер игілігі үшін жаңа жасампаз қадамдарға құлшындырады.
Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық және бақыт тілеймін. Әрбір шаңырақта келісім және ынтымақ-берекенің болуына тілектеспін!

***

Құрметті ақмолалықтар!

Облыстық мәслихат депутаттары Сіздерді шын жүректен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Ұлттық мереке бүгінгі ұрпаққа ұлы мұраны қалдырған көпұлтты халықтың ортақ тағдырын бейнелейді. Ол – бейбітшілік пен келісімде өмір сүру дәстүрі, рухани құндылықтарға деген өзіндік қасиетті ниет.

Бұл мереке жалпыхалықтық мереке ғана емес, ол сонымен бірге, өзінің зор өлшемімен ерекшеленеді. Біз қай жерде тусақ та, қай жерде өссек те, біртұтас мемлекеттің азаматтарымыз және елдің экономикалық-әлеуметтік өркендеуі әрқайсымыздың еңбегімізге, күш-жігеріміз бен жауапкершілігімізге байланысты.
Біздің еліміз қалыптасу мен дамудың қиын жолынан өтті.

Бұл күн біздің әкелеріміз бен аталарымыздың ерліктерін еске алуға, Отанымыз бен келешегіміз туралы, келесі ұрпақтың алдындағы өз борышымыз туралы, Қазақстанның ертеңгі күні жарқын әрі қуанышты болуы үшін не істеуіміз керек екендігі туралы ойлануға да жарқын себеп. Бұл мереке ертеңгі күнге сенімділік беріп, балаларымыздың және немерелеріміздің жарқын болашағының символына айналсын және біздің ортақ мақсатымыз бен міндеттерімізді одан әрі ілгерілетуге күш берсін дегім келеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көреген саясатының арқасында еліміз өз тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі тойына барлық салаларда жоғары жетістіктермен келіп отыр. Бұл табысқа біздің Ақмола облысының еңбеккерлерінің де қосқан үлестері зор.

Алдағы уақытта да тәуелсіз мемлекетіміздің еңсесі биік, іргесі берік болуы сіздер мен біздердің ел, Отан алдындағы парызымызды терең ұғынуға көп байланысты бола бермек. Бұл орайда, сайлаушылар сенімін ақтап, ортақ іске елеулі үлес қосуға біздің облыстың депутаттық корпусы да әрдайым дайын. Осы бір құлшыныс та қазақстандықтарды, соның ішінде ақмолалықтарды жаңа биіктерге бастайтынына сенім мол.
Мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты достар!

Мұрат БАЛПАН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар