Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз хатшысының мәліметінше, Талдықорған қаласында ардагерлер арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарыста Ақмола облысының палуандары үш алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Ақмола облысының құрама командасы екінші орыннан көрінді.
55-59 жас аралығында Қорғалжын ауданынан Мұрат Түсіпбеков (74 келі), Болатбек Қажаев (90 кг) — Атбасар ауданы. 60 және одан жоғары жас санатында Мұхтар Усин (74 кг) — Көкшетау қаласы чемпион атанды.
35-39 жас аралығындағы Мүбарак Жанай (82 кг) — Есіл ауданы, 60 жас санатында Анас Исин (60 кг) — Көкшетау қаласы күміс жүлдегер атанды.
Аршалы ауданынан Көпжасар Князов (+100 кг) 35-39 жас аралығында. 60 және одан жоғары жас санатында Атбасар ауданы Қанат Әміров (74 кг) және Степногорск қаласы Смағұл Ахметжанов (74 кг) қола жүлдегер атанды.