Облыстық байқауда ақмолалық оқушылар логикалық ойлау, зейінділік қабілеттерін көрсетті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 7-8 сынып оқушылары арасында «Қазақстан эрудиті» облыстық зияткерлік-танымдық байқауы өтті.

Облыстық білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырған білім додасына облыстың 9 ауданынан, Степногорск қаласы және 2 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернатынан жалпы саны 12 оқушы қатысты.

Іс-шара зияткерлік қозғалысты дамытуға, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге ықпал етеді.
Байқау үш кезеңнен тұрды. «Жүйріктер жарысы» атты бірінші кезеңде қатысушылар 1 минуттің ішінде 20 сұраққа жауап беріп, өздерінің зеректігі мен жалпы білім деңгейін көрсетті.

2 кезең «Ұшқыр ойда» қатысушылар жан-жақты білімдерін сарапқа салып, логикалық ойлау қабілеттерін таныта білді.
«Қызықты Quiz» деп аталатын ІІІ айналымда қатысушылар Quizziz.com сайтында 5 пәннен (Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, география) 25 тест сұрағына жауап берді.
Қазылар алқасы қатысушылардың білім деңгейін талдап, жеңімпаздарды анықтады:

1 орын – Қуанышбай Мақпал – Жақсы ауданы, Жақсы ауылы №1 ОМ 7 сынып оқушысы.
2 орын – Сүлейменова Айша – Шортанды ауданы, Степной ауылы ОМ 7 сынып оқушысы.
3 орын – Амангельды Айгерім – Атбасар ауданы, Атбасар қаласының №2 ОМ 8 сынып оқушысы.

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтармен, жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хатпен марапатталады. Сондай-ақ, байқау қатысушыларына белсенді қатысқаны үшін грамоталар мен ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар