Қорғалжында балық өнімдері шығарылады

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, мереке күндері қарсаңында Қорғалжын ауданында балық өңдейтін цех ашылды. Абай ауылында орналасқан цехтың ашылуына Қорғалжын ауданының әкімі Берік Жанбаев, Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары Дарын Сабырғалиұлы, мәслихат хатшысы Берік Оралбайұлы қатысты. Кәсіпкер Ерсайын Хасенов мырза шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары бойынша өндіріске қажетті құрылғылар алуға 30 миллион теңге сомасына несие алды.

Бүгінгі таңда кәсіпкер өз есебінен 20 миллион теңге сомасына ауданы 100 шаршы метр өндірістік ғимарат салып, балық өңдейтін цех жұмысын бастады. Алдағы уақытта кәсіпкер балық өнімдеріне жеке-жеке сертификат алады. Цехта Қорғалжын ауданындағы көлдерде мекен ететін балықтардан қатырылған жартылай дайын котлеттер, тартылған балық еті секілді тағам түрлері өндірілетін болады. Дайын өнім ең алдымен Қорғалжын ауданы дүкендеріне сатылымға шығарылып, кейін облыс аумағы және Нұр-Сұлтан қаласына саудаға шығарылады.

Кәсіпкердің сөзінше, кәсіпорынға бастапқы мерзімде 4-5 адам жұмысқа алынып, оларды арнайы жабдықтармен жұмыс жасауға оқыту да жоспарлануда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар