Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ең басты құндылығымыз да, асыл мұратымыз да Тәуелсіздік! - АРҚА АЖАРЫ

Ең басты құндылығымыз да, асыл мұратымыз да Тәуелсіздік!

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы барлық қазақстандықтар үшін ұлықты мереке болып табылады. Ұлтымыз үшін егеменді ел болудың маңызы өте зор. Тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы.

Тәуелсіздік – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан  тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. 1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған түбі бір Түркия елі.

Сондай-ақ, барша әлем елдері мойындап, қолдау көрсетті. Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында жасалынатын көптеген жұмыстар тұрды. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын, экономикасы мен валютасын қалыптастыру сынды жауапты жұмыстар болды. Осының бәрін отыз жылда орындап, әлем жұртының алдында өзінің даңқты ел екенін мойындата білді. Қазіргі таңда жас мемлекетіміз көптеген елдерден әлдеқайда алда тұр. Ол ауызбіршілікте, ынтымақта, туыстық қарым-қатынаста, жақсы ниетпен, өмір сүрудің айғағы. Тәуелсіздік елімізге оңайлықпен тиген жоқ, оны да естен шығармағанымыз жөн.

Өз басым, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жеткен болатын. Осы жолда еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Бұл күнге жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталғаны да рас. Ақмолалықтарды осынау ұлықты мерекемен шын жүректен құттықтаймын! 30 жылда қол жеткізген еліміздің жетістіктерінде бәріміздің қомақты үлесіміз бар. Алдағы уақытта осының бәрін әрі қарай дамыту, еліміздің іргетасын мықты етіп қалау, егемендігімізді көздің қарашығындай сақтау, Қазақстанымыздың алар асуы мен шығар биіктеріне қол жеткізуге талаптану біздің парызымыз.

Отыз жылдық мерекеміз әрқайсымызға үлкен мерейтой болса, мерекеде өткен жұмысқа қорытынды жасау және алдағы уақытқа мақсат қою қажет. Өз басым кіндігімнің қаны тамған Көкшетау жерінде өсіп, қанаттанып, білім, тәлім-тәрбие алып, үлкен өмірге жолдама алғанымды мақтаныш тұтамын. Әрбір қуанышты әрі сәтті күндерде сенімділік пен ашықтыққа, нақты нәтижелерге қол жеткізген табандылыққа үйреткені үшін ата-анама, ұстаздарыма, барлық жерлестеріме басымды иіп, тағзым етемін.

Әрбір күндеріңіз жаңа белестерге, үлкен және шағын күнделікті жеңістер мен жетістіктерге толы болсын! Бейбітшілік пен тыныштықты, достық пен өзара түсіністікті сақтауға бәріміз атсалысайық. Ортақ үйіміз – Тәуелсіз Мәңгілік еліміздің жақсы дәстүрін дамытайық! Осы мереке күндері жерлестерімнің жанынан табылуға мүмкіндік жасаған облыстық «Арқа ажары» газетіне айтар алғысым шексіз.

Майра АЙСИНА,
Парламент Мәжілісінің 4, 5, 6-шы
шақырылымының депутаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар