«Тәуелсіздік бәрінен де қымбат!» – деген сөздер біздің ұранымыз болуы керек. Бай тарихи тамыры тереңде жатқан біздің еліміз үшін – Тәуелсіздіктен асқан нәрсе жоқ. Тәуелсіздік – халқымыздың мақтанышы, ұлтымыздың азаттығы, жеріміздің ғажаптығы, дер едім.
Тәуелсіздіктің ақ таңы атқан 30 жыл ішінде көп нәрсеге қол жеткіздік. Осы ретте әділет органдары да нәтижелі жылдардан қалыс қалмады. Әділет органдарының маңызды міндеттері мен мақсаттарының бірі – мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.
Тәуелсіздік жылдарында әділет органдарының функциялары үнемі жетілдіріліп отырды. Қазақстан Республикасының заңнамасына барлық өзгерістер мен толықтырулар дұрыс енгізіліп, көптеген тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге, қағаз құжаттарын азайтуға және елдің дамуының түрлі салаларындағы бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталды. Мысалы, тәуелсіздік жылдарында әділет органдары ұсынатын барлық мемлекеттік қызметтер электрондық нысанға аударылды, бірқатар мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылды және оларды көрсету рұқсат беруден хабардар ету тәртібіне ауыстырылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің мерзімдері айтарлықтай қысқартылды және бірқатар электрондық мемлекеттік қызметтер санаулы сағат ішінде көрсетілетіндігін атап өткен жөн. Мәселен, мемлекет тарапынан бизнес ашуды жеңілдеткені, біздің азаматтарымызға көптеген қағаз құжаттарын жинау қажеттілігін жойып, оларды ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндік бергенін айтуға болады.
Осы жылдар ішінде жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін төмендетуге мүмкіндік туды, оған дәлел, жылжымайтын мүлікке құқықтарды уақтылы тіркемегені үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталды. Егер азамат немесе заңды тұлға алғаш рет әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оларға ескерту жасалып, әкімшілік заңнама нормаларын сақтау қажеттілігі түсіндіріледі. Сонымен қатар, әділет органдарының бағынысты ұйымдарының рөлін атап өткім келеді. Әрине, адвокаттық, нотариаттық бағыт, жеке сот орындаушылары, сот сарапшылары, заң кеңесшілері институтының дамуы өте маңызды. Өйткені, мұның барлығы біздің азаматтарымызға білікті заң көмегін көрсетуге бағытталған.
Осыған байланысты, адвокаттық, нотариаттық, жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлер және тағы басқа салаларды реттейтін заңнамалар Тәуелсіздік жылдарында реформаларға тап болды. Сөйтіп, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қабылданған, тәртіптік жауапкершілік рәсімі жетілдірілді.
Атап айтқанда, адвокаттардың тәртіптік комиссиясына, олардың өздерінен басқа, қоғам өкілдері мен зейнеттегі судьялар кіретін болды. Бұл адвокаттармен сапасыз заңгерлік көмек көрсетуге азаматтардың шағымдары мен өтініштерін жан-жақты қарауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, адвокат кәсібімен айналысуға жас мамандардың ағымы өсті. Заңмен жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің қызметі реттелді. Олар заң кеңесшілері палатасына біріктірілген, біздің азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі олардың өздерінің басқару органдары және бақылау басқармасы бар. Ақпараттық жүйені іске қосудың негізгі мақсаты – халыққа заң көмегін қамтамасыз ету бойынша адвокаттық қызмет пен заң кеңесшілер қызметін автоматтандыруды жеңілдету болып табылады. «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесі заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі, ол заң қызметтерін алу және ұсыну алаңы болып табылады. Сонымен бірге, онлайн немесе офлайн нысанда қызметтерді алу мүмкіндігі бар, бұл елдегі пандемия кезінде өзекті бола түсуде.
Мемлекет пайдасына өндіріп алу, алимент, жалақыны өндіріп алу және өзге де әлеуметтік маңызы бар атқарушылық құжаттар бойынша атқарушылық өндіріс бұрынғыдай ерекше назарда.
Тәуелсіздік жылдары «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының заңы қолданысқа енгізіліп, оның қабылданған күні әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып белгіленді. Осы атаулы жыл ішінде елдің басты құқықтық оқиғаларының бірі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін енгізу болды. Кодекс, ең алдымен, қоғамдағы жанжал деңгейін төмендетуге, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» институтын нығайтуға және сөзсіз, азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік органдардың қызметін реттейді. Мемлекеттік қызметшілер «Әрбір азамат, әрбір өтінішке құлақ асып, түсіндіру қажет» ұранымен еңбек етеді.
Біз мемлекеттік қызметшілер азаматтарымызға барлық қабылданған шешімдердің құқықтық салдарын түсіндіруге мміндеттіміз. Осы жылдар ішінде көп нәрсе өзгерді, біз мақтана алатын жетістіктер де бар. Бірінші рет карантиннің қатал жағдайларында жұмыс істей отырып, қашықтан мемлекеттік қызметті көрсетуді және жұмыс істеуді үйрендік. Карантин шарттарын сақтай отырып, өзіміздің және біздің азаматтарымыздың денсаулықтарына мұқият қарап, әділет органдары қызметкерлері өздерінің функционалдық өкілеттіктерін және міндеттерін орындап қана қоймай, сонымен қатар, мұқтаж азаматтарға, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге және өзге де әлеуметтік осал топтарға көмек қолын созды.
Мен Ақмола облысы Әділет департаментінің және тұтастай алғанда әділет органдарының барлық қызметкерлеріне қиын сәтте мұқтаж адамдарға көмектесуге деген үлкен ықыластары үшін алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, ұжымда еліміз тәуелсіздігінің құрдастары жұмыс істейді. Ақмола облысы әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жетекші маманы Мәдина Төкеева. Ол үшін ел тәуелсіздігінің құрдасы болу өте құрметті, жауапты.
Бүгінде Мәдина еңбек шарты бойынша жұмысқа қабылданған жұмыскер қатарынан департаменттің мемлекеттік қызметкері, жас маман ретінде қалыптасуының үлгісін таныта білді. Сонымен бірге, ол өте тәрбиелі, әріптестерін құрметтейді және тәлімгерлерінің кеңесіне ыждағаттылықпен қарайды. Жалпы, ардагерлеріміз бен тәлімгерлеріміздің еңбегі зор, олар берген кеңестер мен нұсқауларды осы күнге дейін сақтап келеміз. Сонымен, әділет органдарының құрметті ардагерлері – Павел Станиславович Трищ, Қымбат Токешқызы Әбдуахитова, Күлпаш Балтабайқызы Оспанова, Людмила Николаевна Дикая, Миниса Хашимовна Шутая, Наталья Николаевна Подгорная және басқалары.
Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Ақмола облысының Әділет департаментінің ұжымы барлық қазақстандықтарды осы айтулы мерекемен құттықтайды. Мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілейді. Бейбітшілік, амандық, еліміз өркендеп, халқымыз аман болсын, сонда «Біз біргеміз! Мы вместе!» ұранымен Қазақстан халқы барлық қиындықтарды жеңіп, еліміздің жоғары жетістіктерін көретін болады.
Гүлмира ӘКІМОВА,
Ақмола облыстық Әділет департаменті
басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі. Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.