Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік бағдарламалардың ықпалы мол - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік бағдарламалардың ықпалы мол

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы ел халқына серпін беріп, үміт ұялатты. Жолдауда атап өтілген бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмаларды орындау шеңберінде Ақмола облысында «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы өңірлік кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру мақсатымен әзірленген болатын. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 Қаулысымен бекітілген.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін бағдарламаға өткен жылы бизнесті қолдау шараларын күшейтетін бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, бұрын қолданыста болған «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау» орнына «Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін қолдау» жаңа бағыты қосылды. Қарыз алушылар үшін несиелер бойынша түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі 6 пайызға дейін төмендетілді, салалық шектеулер алынып тасталды, кредиттің ең жоғары мөлшері 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды және басқа да жеңілдіктер бар.

Қазіргі уақытта бағдарлама үш бағыт бойынша іске асырылуда, олардың екеуі қаржылық қолдау шараларына жатады. Атап айтқанда, шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін қолдау, яғни, несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және банктердің несиелеріне ішінара кепілдік беру қарастырылған. Бұл бағыт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №491 Қаулысымен «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бағытының орнына енгізілген. Екінші бағыт – кәсіпкерлерді немесе индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау. Бұл дегеніңіз, несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің кредиттеріне ішінара кепілдік беру, кәсіпкерлер жобалары мен индустриялық аймақтардың жетіспейтін инфрақұрылымын қамтамасыз ету, мемлекеттік гранттар беру. Үшінші бағыт – «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» алынып тасталды.

«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулысының негізінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы Қаржы агенттігі болып табылады және кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттер бойынша кепілдік беру және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну бөлігінде бағдарламаның іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады.

Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы қаржылық емес қолдауды жүзеге асырады. Көкшетау қаласындағы «Гринвич» бизнес-орталығының ғимаратында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, онда кеңестердің барлық түрін алуға, оқудан өтуге, бизнес-жоспар жасауға болады. Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП «Бизнеске арналған үкімет» интернет-порталын іске қосты (g4b.kz), ол «Бір терезе» қағидаты бойынша онлайн режимінде әлеуетті және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетуді жүзеге асырады.

Облыстық деңгейдегі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы болып табылады, ол да облыс әкімдігі жанындағы Өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып саналады.

Мәселен, соңғы үш жылда халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлерге 20 грант берілді. Бұл статистика 2019 жылдан бастап жүргізілуде. Ал, 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге 39 грант берілді. Ағымдағы жылы осы бағытты қаржыландыру сомасы екі есеге, яғни, 160 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды, оның 60 миллион теңгесі жас кәсіпкерлерге бөлінді. Бұл ретте, қолдаудың осы түрін алу үшін жыл сайын бөлінген қаражаттан едәуір асатын сомада өтінімдер келіп түседі. Ағымдағы жылы 800 миллион теңгеден астам сомаға 177 өтінім тіркелді, 38 грант беру мақұлданды. Оның ішінде жастардан 44 өтінім түсіп, 13 грант берілді.

2020 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы-2025» жаңа бағдарламасы шеңберінде гранттар бір жобаға 2 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін беріледі. Бұрын 3 миллион теңге берілетін. Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтары үшін грант көлемінің 10 пайыз мөлшерінде жобаларды іске асыруға арналған шығыстарды міндетті қоса қаржыландыру алып тас-талды.

«Бизнестің жол картасы-2020 және 2025» бағдарламасының қолданылу кезеңінде 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейін біздің облыста жалпы құны 165,3 миллиард теңге болатын 1729 жоба мақұлданды, оның ішінде: субсидиялау бойынша несиелер сомасына 945 жоба (144,6 миллиард теңге), кепілдік бойынша кепілдік сомасына 600 жоба (7,4 миллиард теңге), жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу бойынша 12,9 миллиард теңгеге 53 жоба, (357,5 миллион теңге) сомасына 131 грант берілді. Қолдаудың барлық түрлерінің ішіндегі ең танымалы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау болып табылады. Бұл – барлық жобалардың 55 пайызын құрап отыр.

Он бір жыл ішінде бағдарлама аясында 18,4 миллиард теңге игерілді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру кезеңінде облыста жобаға қатысушылар 1 355,6 миллиард теңгенің өнімін өндірді, 5,5 мың жұмыс орындары құрылды. Осы кезеңде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,8 есеге немесе 26,8 мың адамға өсті. Шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруы 190 миллиардтан 929 миллиард теңгеге дейін бес есеге ұлғайды, облыстың өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13,4 пайыздан 27,6 пайызға артты. Бұдан өңірімізде «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын жүзеге асырудың оң әсері айқын көріне түседі.

Ағымдағы жылы бағдарлама бюджеті ұлғайтылды. Атап айтсақ, биыл бағдарламаны қаржыландыру 4,3 миллиард теңгеге немесе 2,5 есеге ұлғайды. Яғни, ол 7 миллиард теңгені құрап отыр, оның ішінде субсидиялауға 4,3 миллиард теңге, кепілдендіруге 1,1 миллиард теңге, инфрақұрылым жүргізуге 1,6 миллиард теңге, мемлекеттік гранттар беруге 160 миллион теңге бөлінді. Күні бүгінге дейін бағдарлама шеңберінде
5 миллиард теңге игерілді, 1163 жобаға қолдау көрсетілді. Бұл белгіленген қаржының 71,2 пайызы. Субсидиялауға 4,3 миллиард теңге бөлінді, 3,2 миллиард теңге немесе 75,4 пайызы игерілді. 2021 жылы 769 жаңа жоба бойынша 19,1 миллиард теңге несие сомасына субсидиялау басталды, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2 985,6 миллион теңге сомасына субсидиялар төленді.

Ағымдағы жылы үш өңірде мақұлданған жобалар жоқ. Мұндай жағдай Егіндікөл, Жақсы және Қорғалжын аудандарында орын алып отыр. Жобалардың басым бөлігі несиелендіру және қаржы лизингі тетігі немесе «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №820 Қаулысымен бекітілген. Бағдарлама облыста 2019 жылдың сәуір айынан бастап іске қосылды.

Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдауда кәсіпкерлікті дамыту және өркендетуге байланысты жүктеген міндеттері мен нақты тапсырмаларын біз түсіністікпен қабылдап, алдағы уақытта осы бағытта жұмыстарды жалғастыра бермекпіз. Жолдаудың өзі еліміздің алға қарыштап дамып келе жатқан кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласының өркендеп дамуына жаңа серпін береді деп нық сеніммен айтуға болады.

Ербол ОСПАНОВ,
Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар