Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 8 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин онлайн-брифинг барысында 2021 жылдың 11 айындағы әкімшілік тәжірибенің қорытындылары туралы айтып берді.

Спикер хабарлағандай, жыл басынан бері өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 8 әкімшілік материал жасап, олар бойынша 2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды және өндіріп алынды.

Мысалы, ағымдағы жылдың қыркүйек айында облыстың жергілікті атқарушы органдарының бірінің басшы лауазымды тұлғасы ведомстволық бағынысты мекеменің қызметкерінен қызметкердің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауы себебінен тәртіптік жауапкершілікке тартылмағаны үшін алкоголь өнімі және кондитерлік өнімдер түріндегі сыйлықтар алды, осылайша ҚР ӘҚБтК-нің 677-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасады (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы). Кінәлі адам 300 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 681-бабы шеңберінде бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері бойынша 4 әкімшілік іс жасалды.
Сонымен қатар, Кодекстің 676, 665-баптары бойынша лауазымды тұлғаларға айыппұл салынды.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді шарасы болып табылады, өйткені мұндай тәжірибе неғұрлым ауыр сыбайлас жемқорлық көріністерінің дер кезінде алдын алуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Айдос Жақиялин.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар