Балалардың тәуелсіздікке тартуы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі қалалық жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Тарихы терең тәуелсіз ел» тақырыбында оқылған кітап сюжеті бойынша сурет салу байқауын өткізді.

Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік және патриоттық сезімдерді қалыптастыру, оларды Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, кітап оқуға тарту, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау болып табылады. Байқауға Көкшетау қаласының 12 жалпы білім беретін мектебінен 8-13 жас аралығындағы 42 оқушы қатысты.

Қазылар алқасы байқауға өтініш білдірген үміткерлердің суреттерін тақырыптық бағытқа сай келуі, оқыған кітап мазмұнының толық ашылуы, жұмыстың мазмұндылығы, ой ұшқырлығы мен көркемдігі, суреттің қойылған талаптар негізінде орындалуы секілді критерийлерге байланысты іріктеді.

Марапаттау рәсімінде қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Қуаныш Оспанов пен Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығының директоры Ксения Андросова қатысушыларды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, байқау қорытындысы бойынша №10 орта мектептің 6 сынып оқушысы Жансая Есмұхамбетоваға 1 дәрежелі диплом, №19 орта мектептің 6 сынып оқушысы Ұлан Хасеновке 2 дәрежелі диплом, №15 орта мектептің 7 оқушысы Елена Хмелеваға 3 дәрежелі диплом және бағалы сыйлықтарды табыс етті. Жеңімпаз және жүлдегер оқушылардың жетекшілері Күлкен Әбілдина, Айсұлу Шериязданова, Марина Боргульді жас өрендерді Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеп, кітап оқуға баулуға қосқан үлестері үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Бақытжан АЙДОСОВА,
Көкшетау орталық қалалық
балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар