Омикрон штамы бірнеше айда бүкіл әлемге таралады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі — әлемде омикрон штамының жылдам таралуы. Омикрон қарашада 16 елден табылса, ал бүгінгі күні ауру әлемнің 110 елінен анықталды», — деді ол. Жандос Бүркітбаевтың атап өтуінше, омикронның таралу коэффициенті жоғары, ол 1:5 тең.
Сонымен қатар қайта жұқтыру қаупі де өте жоғары болып тұр. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша ауру бірнеше ай ішінде бүкіл әлемге таралады», — деді Жандос Бүркітбаев.
Дереккөз: www.inform.kz