Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2022 жыл –– Барыс жылы - АРҚА АЖАРЫ

2022 жыл –– Барыс жылы

Барыс – қоян жылынан бұрын, сиыр жылынан кейін кіретін жыл. Қазақтың жыл санауы бойынша 2022 жылы барыс жылы кіреді. Әр жылдың өзіне тән мінезі, ерекшелігі бар. Қазақта жыл қайыру, яғни, санау он екі жылдан тұрады. Он екі жылды ата-бабамыз бір мүшел деп білген. Бір мүшелдің жылдары он екі түрлі аң мен жануардың атымен аталған.

Бірінші – тышқан жылы, екінші – сиыр, үшінші – барыс, төртінші –  қоян, бесінші – ұлу, алтыншы – жылан, жетінші – жылқы, сегізінші – қой, тоғызыншы – мешін, оныншы – тауық, он бірінші – ит, он екінші – доңыз жылы.

Әр мүшел аяқталып, екіншісі басталғанда, он үшінші жыл тағы да тышқаннан саналып, есеп қайта ашылады. Бірінші мүшел – 13 жас, содан кейін он екі жылдан қосыла береді.

Ел арасында тараған аңыз-әңгімеге сүйенсек, жылдың басы тышқан аталатын себебі – тышқан бойы барлығынан ұзын түйенің құлағына шығып кетіп, жылды ең бірінші болып көріпті. Ал, түйе бойына сеніп жылдан құр қалып, қалғандары жақындап келе жатқан жылды көру ретімен жыл аттарын иемденіпті-міс.
Тағы бір аңызда «Шығыс күнтізбесіндегі жыл қайыру аспан асты Түрік елінің ең бірінші ханы Қисаға-Тәңірдің кең көлемдегі аң аулау кезінде барлық аңдар қашып, судан жүзіп өтіп құтылуды ойлапты. Содан Іле өзенінен төмендегі тәртіппен жүзіп өтіпті.  Бірінші болып суға тышқан, оның артынан сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, ең соңынан доңыз жүзіп өтіпті. Осы рет саны шығыс күнтізбесінде күні бүгінге дейін сақталып қалған» деп айтылады.
Барыс – сиыр жылынан кейін, қоян жылынан бұрын кіретін мүшел есебінің үшінші жылы. Орталық Азия халықтарының күнтізбелерінде қолданылады. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде Барыс жылын жолбарыс жылы деп те атайды.

Барыс сақтардың ұғымында қасиетті аң болған. Қазақ халқының жорамалдарында Барыс жылы күрделі бетбұрыстар алдындағы тыныштық жылы деп саналған.
Барыс жылы туғандардың табиғи белгісі – ағаш. Барыс жылғылар өте мықты, қажырлы, шынайы, жомарт болып келеді. Жаман қасиеті: тынымсыз, өз басын ойлап қалған өзімшілдеу.

Барыс жылы қиындық пен қуанышқа, ауыртпалық пен жақсылыққа толы жыл. Дегенмен, бұрындары тарихта барыс жылына қатысты елеулі оқиғалар болмаған. Сол себепті барыс жылын қазақтар жайсыз жыл деп санамайды.
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) барыс жылы туып, ұлу жылы қайтыс болған. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы барыс жылымен тұспа-тұс келді. Мұстафа Шоқай барыс жылы дүниеге келіп, жылан жылы өмірден өтті.

Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы он бесінші ғасырда жазған «Шипагерлік баян» кітабында жыл атауларына көңіл бөлген:
Сумақы – тышқан. Маңғаз – сиыр. Айбар – барыс. Секем – қоян. Сумаң – жылан. Тұлпар – жылқы. Иіртек – ұлу. Шопан – қой. Мешін – мешін. Айтақ – ит. Шақырауық – тауық. Қорысқы – доңыз.

Сондай-ақ, ол кітапта жыл белгілерінің ерекшеліктеріне қарай адам мінезін сипаттайды:
«Айбар (барыс). Тектелгі бұл мүшел жылда бардам мен жарлыны айырмайтын, обал-сауапты білмейтін, қатыгез, қаражүрек, басынан сөз асырмайтын, асырғысы да келмейтін, торуылы көп, басқаларға тізесін батырмаса, ұйқысы келмейтін, жауына бөзек болғанша, өлгенді жақсы көретін, өзінен басқа адам пендесін көзге ілмейтін, өзін күшті, алып, шақ келтірмес, теңдессіз, шендессіз саналғылықты. Басқаны әлжуаз, арғыжық қисапталғылық. Дүниенің тірегі мен ғана болсам дейтін қараниеті қағыныңқы, ержүрек, қайтпас, батыл, түпсіз құлқынды, «тістейін, жұлынса кетсін», дейтін өкше ізге түскіш, кекшіл, ұстамдыларлық құлақтағылар елеулілік көзге түспекті».

Келер жыл Плутон, Сатурн, Юпитер мен Меркурий ретроградты болудан қалады. Ал, бұл дегеніміз бірнеше жұлдыз белгісінің өмірі жақсы жаққа қарай өзгереді деген сөз екен. Сондықтан, оқырмандар назарына АҚШ астрологтары жасаған 2022 жылға арналған жұлдыз жорамалды ұсынамыз.

Тоқты (21.03 – 20.04)
Жыл басында тоқтылар өздерін әлсіз сезінуі мүмкін. Айналадағылардың бәрі қарсы тұрғандай көрінеді, шын мәнінде, олай емес. Сұлулық қарап тұрған адамның көзінде дейді. Елдің шабуылына жауап беруге іштей дайын жүрсеңіз, олар расымен де сізге тиісе бастайды. Барлығына жеңіл қарауды, адамдарға сенім артуды үйреніңіз.
Торпақ (21.04 – 21.05)
Алдағы жыл торпақтар үшін инвестиция айы болмақ. Бұл белгі иелері болашақта жақсы табыс алып келетін жеке ісін ашуы мүмкін. Алайда осы ай уайым алып келуі де ғажап емес. «Қолымнан келмейді» деп көрінуі мүмкін. Алайда бұл бар болғаны ешқандай негізі жоқ ішкі қорқыныштар ғана.
Егіздер (22.05 – 21.06)
Егіздер үшін келер жыл бірқалыпты өтпек. Әрине, олар да болашақ жайлы ойлап, түрлі жоспар құрады. Бірақ жұлдыздар өз ойларыңызды жүзеге асыруда асықпауға кеңес береді. Егіздерге тек бір кеңес беруге болады. Айналаға жіті қараңыздар. Онда сізге көмек қолын ұсынуға әзір адамдар бар. Алайда сіз оларға емес, екіжүзді адамдарға энергияңызды көп жұмсап жүрсіз.
Шаян (22.06 – 22.07)
Шаяндар шарықтауға дайын болсын. Бар потенциалыңызды жүзеге асыруға болатын уақыт келді. Шабыт пен шығармашылық бойыңызды билеп, бұл көңіл-күй өз ісіңізді табуға немесе мансап баспалдағымен көтерілуге көмектеседі. Бірақ тек жұмысыңыз өзіңізге ләззат сыйлаған жағдайда ғана.
Арыстан (3.07 – 21.08)
Жылдың алғашқы жартысында өзіне және өзін өзгертуге мән беру керек. Шаш үлгісін өзгертуге, диетаға отыруға ең қолайлы ай. Ай соңында сәттілік сізден теріс айналуы мүмкін. Оған бола уайымдамаңыз, сәттілік қайта серігіңіз болып, ақша табу үшін жаңа ниша табасыз.
Бикеш (22.08 – 23.09)
Бикештер үшін маңызды ай. Ойдағының бәрін жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Алайда ол үшін қажырлы еңбек қажет. Бұл белгі иелері бұған тек қуанады, себебі тағдырдың сыйларын қашанда қырағы көзбен қабылдайды. Тағы бір атап өтетін жайт, алғашқыда сәтсіздікке тап болсаңыз, салыңыз бірден суға кетпесін.
Таразы (24.09 – 23.10)
Таразылар сақ болсын, себебі ай бойы жұмыста қателік жіберуге үлкен қауіп төніп тұр. Сондай-ақ бұл белгі иелеріне сынды жылы қабылдауға кеңес беріледі. Адамның барлығы сізге жау емес. Жағымды жаңалық, барлық таразыларға екінші жартылары романтикалық тосынсый жасайды. Ал, жалғызбасты адамдар осы айда өмірлік серігін кездестіруі әбден мүмкін.
Сарышаян (24.10 – 22.11)
Сарышаяндарға жұмыс бойынша өте тиімді ұсыныс түседі. Оған таңғалудың немесе қандай да астар іздеудің қажеті жоқ. Тағдыр сізге жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді, алайда жоспарларыңызды 18 қазаннан кейін жүзеге асыруға кеңес беріледі. Сондай-ақ сарышаяндарға шамадан тыс жұмыс істеп, ауырлық түсірудің қажеті жоқ. Эмоционалды шаршау мен неврозды болдырмау үшін күніңізді алдын ала жоспарлаңыз.
Мерген (23.11 – 21.12.)
Мергендер айдың көп бөлігін оңашада өткізгені дұрыс. Аздап жеке өмір сүру ішіңізде болып жатқан дүниелерді анықтап, маңызды істерді алдыңғы орынға қоюға көмектеседі. Сондай-ақ потенциалыңызды ашуға кедергі келтіріп жүрген ішкі қорқыныштарыңыздан арыла аласыз. Таңдау жасайтын сәт келгенде ішкі түйсігіңізге құлақ асыңыз.
Тауешкі (22.12 – 20.01)
Тауешкілер үшін бұл ай оңайға соқпайын деп тұр. Тағдыр тағы да сіздің төзімділігіңізді сынайды. Жоғарғы күштер сіздің биік шыңға шығатыныңызға, алайда оған бойыңыздағы жалқаулықтың кері әсері тиіп тұрғанына сенімді. Ай соңында қомақты қаржыға ие болуыңыз мүмкін. Ақшаны ақылмен жұмсауға кеңес беріледі.
Суқұйғыш (21.01 – 18.02)
Соңғы уақытта суқұйғыштар ештеңеге қуанбайды. Олар өміріндегі жақсы дүниелерді байқаудан қалып барады. Мұңаюды қойып, жаңа өмірдің есігін ашуға болатын сәтті жіберіп алмаңыз. Дәл осы қазан айында болатын кездейсоқтықтар кездейсоқтықтан емес. Тағдыр қолыңыздан жетелеп, жеңіске алып келеді.
Балықтар (19.02 – 20.03)
Келер жыл ғашықтық сезімін бастан өткеріп жүрген балықтар үшін оңайға соқпайды. Олардың бар ойы сүйіктісінің ыңғайы болмақ. Алайда бірінші кезекте өзіңізді ойлауға кеңес беріледі. Осы айда байып кетуге мүмкіндігіңіз жоғары. Ол үшін алдымен серігіңізден ажырап, іске кірісу керек. Дана болыңыз. Өміріңіздің тек бір саласын таңдаудың қажеті жоқ. Жеке өмір мен жұмыстың арасында үндестік табуға тырысыңыз.

Келе жатқан 2022 жыл қай зодиак белгісі үшін сәттілік әкеледі, кімнің махаббатта жолы болады, ал, кімді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын төмендегі материалдан оқи аласыздар.2022 жыл – барыс жылы. Астрологтардың айтуынша, бұл жыл көптен бері өзгеріс күтіп жүрген адамдар үшін қолайлы жыл болады. 2022 жыл жұмысты ауыстырудан бастап, басқа елге көшуге дейінгі түбегейлі өзгерістер үшін ең сәтті уақыт болмақ, деп жазады «Московский комсомолец» басылымы.

2022 жылы Сарышаяндар маңызды табысқа қол жеткізе алады, бұған дейін іске асыра алмаған жобаларын жүзеге асырады. Ең алдымен қаржы жағынан, сондай-ақ, махаббатта та жолы болады.

Тұрғылықты жерді ауыстыру, басқа қалаға көшу және жаңа жұмыс та сәттілік әкелуі мүмкін, бірақ мұндай шешім қабылдар алдында бәрін жақсылап ойластырған жөн.
Мамандардың айтуынша, барыс жылы Мергендер үшін де сәтті жыл болады. 2022 жылы олар 2021 жылы еткен еңбектің жемісін көреді. Мол табыс әкелетін іске ақша салу, жылжымайтын мүлік сатып алу немесе сату үшін қолайлы уақыт. Олар табыстың айтарлықтай өскеніне байланысты артық ақшаны қажетіне жарата алады.

Тауешкілер тұрақты табысқа бірден қол жеткізе алмауы мүмкін, бірақ оларды жұмыста, кәсіби және отбасылық өмірде көптеген жақсы сәттер күтеді, сондай-ақ, барлық мәселесі оңай шешіледі.
Келер жыл Балық белгісінде туған адамдар үшін мол қуаныш алып келеді. Жұлдыздар оларға маңызды жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді, ал, сәттілік ажырамас серігі болады.

Сонымен қатар, жұмысын ауыстырып, тіпті басқа кәсіби салада бағын сынап көргісі келетін балықтар үшін де сәтті жыл болады. Өмірлік серігін іздеп жүрген балықтар дәл осы жылы нағыз махаббатын табады.
2022 жылы Тоқтыларды іскерлік және кәсіпте сәттілік күтіп тұр. Астролог Павел Глоба осы зодиак белгісінің өкілдерін күмәнді жиып қойып, тәуекелге баруға шақырды. 2022 жылдың бірінші жартысында тоқтылар жоспар құрып, дайындалуы қажет.
Келер жыл Егіздер үшін сынаққа толы болады, бірақ олар қиындықты еш қиындықсыз шешеді. Бұл зодиак өкілдерін жұмыста өзгеріс күтеді, бұл өзгеріс материалдық жағдайды жақсартады.

Сарышаяндар жұмыс пен хоббиді үйлестіріп, көп ақша таба алады. Мансапта қажетті нәтижеге жету үшін осы белгінің өкілдері көп жұмыс істеуі керек.
Суқұйғыштар да жаңа жетістікке жетуі үшін көп еңбектенуі керек. 2022 жылдың бірінші жартысы іскерлік мәселе мен жаңа жобаларды шешу үшін өте ыңғайлы уақыт.

Ең сәтті айлар. 2022 жыл тәуекелге баруға қорықпайтын адамдар үшін табысты болады. 2022 жылдың элементі – су, ал мамыр, шілде және қазан ең сәтті ай болады. 2022 жылы 1, 3 және 4 сандары сәттілік әкеледі. Қытай ай күнтізбесінің 16 және 27 күндері ең қолайлы болады.
Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа 2022 жыл 1 ақпанда келеді. Осылайша 2023 жылдың 21 қаңтарына дейін барыс жылы болып есептеледі.

Дайындаған Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

 

 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар