Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті

Ресей, Санкт-Петербург қаласы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттердің бейресми саммиті аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің түрлі аспектілерін талқылады. Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына көңілдері толатынын айтты. Сондай-ақ білім беру, цифрландыру, энергетика және басқа да салалардағы ықпалдастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

– Білім беру саласындағы келісім – өте маңызды. МФТИ және Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті сияқты Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарында мамандар даярлауға ниеттіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстан Президентін келесі жылдың басында Ресейге сапармен келуге шақырды.

Дереккөз: www.akorda.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар