Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысындағы 120 автомобиль жолында автопатруль ұйымдастырылған - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысындағы 120 автомобиль жолында автопатруль ұйымдастырылған

Ақмола облысында бизнес және жеке кәсіпкерлік нысандарының, аса қорғалған нысандардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерболат Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, өңірде облыстық Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше режиміне ауыстырылып, азаматтардың қауіпсіздігін, заңдылықты сақтау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар атқарылуда. «Бұзақылар мен қылмыстық топтар тарапынан заңбұзушылық әрекеттерді алдын алу жұмыстары полиция департаментінің барлық бөлімшелерінде жүзеге асырылуда.

Жалпы, облыс аумағында елді мекендерге қатынайтын 120 автомобиль жолында автопатруль ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, аудан және қалалардағы көшелерде 600-ден астам бағытта тәртіпті сақтау бойынша жаяу патруль жұмыс істеуде», — деді Е.Құсайынов. Спикердің айтуынша, өңірде бизнес және жеке кәсіпкерлік нысандарының, аса қорғалған нысандардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.

«Мемлекет басшысының төтенше жағдай жөніндегі қаулысындағы талаптардың сақталуын қамтамасыз мақсатында полиция қызметкерлері бөлек анықталған 180 жаяу бағытта қызмет атқаруда. Қоғамдық тәртіптің сақталуына тәулік бойы Полиция департаменті аппаратының қызметкерлері, арнайы жасақтар, патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың және жедел қызметтердің күштері жұмылдырылған. Полиция патрулі нарядының барлық күштері кез келген қылмыстық әркетті алдын алу үшін бизнес және жеке кәсіпкерлік нысандарының, аса қорғалған нысандардың маңына жақындастырылған», — деп қосты Е.Құсайынов.

Дереккөз: www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар