Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты биылғы 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.
Тиісті Жарлық Ақорда сайтында жарияланады.
Дереккөз: www.inform.kz