Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында 120 газ құю станциясы белгілеген бағаға газ құюда - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында 120 газ құю станциясы белгілеген бағаға газ құюда

Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өңірлік жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында облыс басшысы Ермек Маржықпаев облыстағы жағдай тұрақты екенін атап өтті.

«Барлық құқық қорғау, мемлекеттік органдар, төтенше жағдайлар және қорғаныс департаменті қызметкерлерінің, қоғам өкілдерінің үйлесімді жұмысының арқасында өңірдегі ахуал тұрақтануда. Бүгін полиция қызметкерлеріне жанқиярлығы үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді. Олар өз өмірін қатерге тігіп, құқық тәртібін қорғауда», – деді облыс әкімі.

Облыс әкімінің айтуынша, өңірде қолма-қол ақшаны алу және тауар сатып алу мәселесі шешілді. Бұл мәселені шешу үшін Халық банкі Полиция департаментінің көмегімен 7 қаңтардан бастап Көкшетау қаласы бойынша банкоматтарды толтыруды бастады. Кешеден бастап аудан орталықтарындағы банкоматтарды толтыру жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Сбербанктің 4 банкоматы қолма-қол ақшамен қамтамасыз етілген. Жақын күндері басқа банктермен де мәселе пысықталатын болады. Сауда желісінде бірінші қажетті құралдар мен азық-түлік өнімдері жеткілікті.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс басшысы жауапты қызметтерге атап айтқанда, жоспарланған жерлерде блокпостарды орнату аяқталғаннан кейін, әлеуметтік маңызы бар тауарларға, коммуналдық қызметтерге, көмірге, ЖЖМ-ге, газға және басқаларға баға саясатын сақтау бойынша бақылауды күшейтуге тапсырмалар берді.

Айта кетейік, өңірде газ бағасы 70 теңге көлемінде белгіленген. Облыс орталығынан 200 шақырымнан астам қашықтықты есепке алғанда, баға 75 теңгені құрайды. Бүгінгі күні облыста 120 газ құю станциясы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі белгілеген бағалар бойынша сұйытылған газды құюды жүзеге асыруда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар