АШМ: Қарағанды облысының Шет ауданындағы сиырлардан аусыл табылды

Қарағанды облысының Шет ауданының Киікті ауылында сиыр арасында аусыл ауруының қоздырғышы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәлімдеуінше, Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығының 14 қаңтардағы №1-S22R-38/B-01-02 сынақ хаттамасына сәйкес, Қарағанды облысы Шет ауданының Киікті ауылдық округінің Талдыбұлақ қыстағындағы «Мұрат» ФШ-да ірі қара мал арасында аусыл ауруының қоздырғышы анықталған.
«Киікті ауылдық округінің әкімі Мерей Смағұловтың шешімімен 14 қаңтарда фермерлік шаруашылық аумағында карантин жарияланды. ҚР Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Асқар Жақыпбаевтың шешімі бойынша дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық қордан «Глюзамин ВЕТ» құралы бөлінді. ҚР Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының қаулысы негізінде инфекция ошағында мал қан шығарылмай жойылып, кейін ауру және олармен жанасатын жануарларды өртеу жүргізілетін болады», делінген хабарламада.
Жануарлардың өлексесін өртеу арнайы жабдықталған инсинератор (HURIKАN-3000) көлігінде жүргізіледі. Сондай-ақ мал иесіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Республикалық және жергілікті ветеринарлық мекемелерден күштерді тарта отырып, инфекция ошағын толық жою жүргізіліп жатыр. «Ветеринариялық-карантиндік іс-шараларға сәйкес инфекция ошағын жою жөніндегі штаб құрылып, ветеринариялық-карантиндік іс-шаралардың кешенді жоспары әзірленді, дезинфекциялық тосқауыл қойылды, жергілікті полицияны тарта отырып, Республикалық эпизоотияға қарсы отряд мамандарымен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Сондай-ақ дизинфекция жүргізіліп, БАҚ-та және әлеуметтік желіде аусылдың таралуын болдырмау және алдын алу бойынша ескерту жарияланып, жадынамалар таратылды. Ауруды оқшаулау үшін 6 арнайы техника мен 25 қызметкер жұмылдырылды. «Сондай-ақ, карантин соңғы ауру жануар жойылған күннен 21 күн өткен соң және ветеринариялық-карантиндік іс-шаралар өткізілгеннен кейін қорытынды дезинфекция сапасының нәтижелеріне сәйкес алынып тасталатынын хабарлаймыз.
Ауру ошағындағы эпизоотиялық жағдай қатаң бақылауда», делінген хабарламада. Еске сала кетейік, аусыл – үй және жабайы жануарлардың вирустық ауруы, жіті инфекция байқалады, безгек және ауыздың шырышты қабығында, желінде және аяқта күлдіреу пайда болады. Адамдар аусылмен ауыруы мүмкін, бірақ инфекция адамнан адамға жұқпайды.

Дереккөз: www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар