Өнеріміз саған, туған ел!

Аудандық «Сарыарқа» мәдениет үйінде осындай тақырыппен музыкалық фестиваль өтіп, балауса балғын өнерпаздар өз қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алды.

Музыкалық фестиваль бір сахнада ауданның ең талантты жас вокалистерін жинады. Осы фестиваль аясында білім беру саласындағы жетістіктердің аудандық көрмесі өткізілді, онда ауданның барлық мектептері робототехника, қолданбалы өнер, ғылыми жобалар, ұлттық спорт түрлерін дамыту және қолдау бойынша білім беру қызметінің әртүрлі салаларындағы үздік әзірлемелер мен жетістіктерді көрсете алды.

Конкурс лауреаттарын марапаттау үшін сахнаға аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков шақырылып, ол барлық қатысушыларды, педагогтар мен ата-аналарды мерекемен құттықтап, барлығына шығармашылық табыс тіледі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар