Қалыпты өмірге оралуымыздың бір жолы – екпе алу

Өңірімізде халықты коронавирус инфекциясына қарсы иммундау бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылдың 17 қаңтардағы жағдайы бойынша Ақмола облысында «Pfizer/BioNTech» компаниясы шығарған Комирнати вакцинасымен 5148 адам вакцина алды.

Тарқата айтсақ, олардың ішінде 164-і жүкті әйелдер, яғни олар жүктіліктің 16-37 аптасы мерзіміндегілер және босанғаннан кейін 42 күннен соң келетін лактация кезеңіндегі 1379 жас аналар. Оған қоса, 3605-і 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Ал, екінші дозамен 2849 адам екпе алған, оның ішінде, 2082-сі жасөспірімдер. Вакцина алуда жағымсыз реакциялар тіркелмеген.

Бұл вакцина COVID-19 қауіпті індетінің алдын алуға арналған. Құрамында тұтас тірі вирус жоқ және коронавирустық инфекцияны тудырмайды, оған қоса,  жоғары тәуекел тобына жататын адамдар үшін ауыр асқынулар мен көз жұмудан қорғаудың маңызды құралы болып табылатыны анықталған.

Вакцинацияның мақсаты – коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру және ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық іс-шаралар, оның ішінде вакцинациялау тек екпе алған адамның келісімімен ғана жүзеге асырылады. Сондықтан, 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакцинациялауға тек ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің хабардар етілген жазбаша келісімімен ғана рұқсат етіледі.

Бүгінде өңіріміздегі эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алуға шақырады. Өйткені, қазіргідей аурудың өршіп тұрған шағында баршамызға осылай бірлесіп қана пандемияны тоқтатып, қалыпты өмірге ораларымыз байқалады.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар