Шектеу шараларын естен шығармайық

Жыл сайын 19 қаңтарда православиелік христиандар «Крещение Господня» атты шомылдыру рәсімінен өту мерекесін тойлайтыны белгілі. Онда діни іс-шаралар, соның ішінде ғибадат ету, өзенге барып, мұзды шұңқырға жаппай суға бата түсу мен суды тазарту жұмыстары жүргізіледі.

 Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қазақстан Республикасында шектеулі карантиндік іс-шараларды күшейту туралы» қаулысының 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың артуына байланысты эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауымен аумақта» 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 3 «Бұқаралық іс-шараларды (мерекелік, діни, бұқаралық спорттық, әсерлі мәдени іс-шараларды, форумдар, конференциялар, семинарлар және т.б. өткізу), отбасылық іс-шараларды (банкеттерді, үйлену тойларын, мерейтойларды, мерекелік корпоративтік кештерді) және адамдар жаппай жиналатын басқа да іс-шаралар, соның ішінде үйде де, сыртта да өткізуге тыйым салынады.

Осыған байланысты, Ақмола облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті діни мейрамын тойлау кезінде карантиндік шектеу шараларын сақтау және шіркеу аумағында тек берекелі суды таратумен шектелу қажеттілігі туралы тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынады. Сондықтан, крещение мейрамын тойлауда абай болған жөн.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар