Колледж оқушылары арасында пікірсайысшылар анықталды

Жарысқа Ақмола облысының 7 ауданынан, 3 қаласынан барлығы 50 баладан құралған 25 команда (қазақ лигасы– 12 команда, орыс лигасы – 13 команда) қатысты. Турнир американдық парламенттік формат бойынша өткізіліп, іріктеу кезеңінен, жартылай финалдан және финалдан тұрды.

Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжінің «Ғасыр перзенттері» командасы, 2 орынды Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің «Флейм» командасы, 3 орынды Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің «Шоқан жастары» командасы жеңіске жетті.

Ал, орыс лигасында 1 орынға «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің «Ар-Намыс» командасы лайық деп танылса, 2 және 3 орындарды Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің «Алаш Pride» командасы мен Ақкөл қаласының агротехникалық колледжінің «Жастар» командасы өзара бөлісті.

Қазақ лигасында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары Қазақ педагогикалық колледжінің «Рухты ұрпақ» тобының мүшесі Құмарбек Исламбек және орыс лигасында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Милениум» тобының мүшесі Юлия Науменко «Үздік спикер» атанды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар