Ақкөл қаласында замануи қонақ үй-емдеу-сауықтыру кешені салынып жатыр

Аудан әкімдігінің мәліметінше, апартаменттері бар қонақ үй-емдеу-сауықтыру кешені Ақкөл шетіндегі орман алқабындағы әсем табиғат аясында орналасатын болады. Жоспар бойынша мұнда әрқайсысы 50 демалушыға арналған төрт корпус салынады. Бұған қоса жоспар бойынша бірнеше коттедж салу қарастырылған.

Жобаның тапсырыс берушісі – «Sirius Plus» ЖШС, бас мердігер – «Trend Construction» ЖШС. Жобаның бірінші кезегі бойынша жалпы сомасы-1 миллиард 782 миллион теңгені (компанияның меншікті қаражаты) құрады.

Жоба бойынша құрылыстың бірінші кезеңінде 5 қабатты ғимаратты салу жоспарланған. Онда қабылдау бөлмесі, мейрамханалар, техникалық және әкімшілік аймақтар, стандартты пәтерлер мен люкс пәтерлер, монша кешені, 10 орындық тұрақ, өткізу пункті, ойын алаңы және барбекю аймағы орналасады.

Бұдан бөлек, қонақ үй нөмірлері бар сауықтыру кешені мен ашық бассейні бар сауықтыру СПА-кешенінен басқа, жобаға оқу орталығы, питомнигі бар жылыжай кешені, ат клубы, жасанды тоған, демалыс аймағы да орын тебеді.

Құрылыстың бірінші кезегі 2022 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Ал, толықтай жоба 2025 жылға қарай тапсырылуы тиіс.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар