Ақмола облысында антикор азаматтық қорғау академиясының өз қатарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуге шақырды

Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының және Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының жеке құрамының қатысуымен онлайн-кездесу өтті.

Кездесуді өткізуге ҚР ҚПК 200-бабының негізінде енгізілген жоғары оқу орны бөлімшелерінің бірінің лауазымды адамына және басқа да адамдарға қатысты билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ұсыныс себеп болды.

Қайталанған құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында облыстық Антикор Академия басшылығына бағыныштылардың қызметіне тиісті бақылауды қамтамасыз етуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы түсіндіру және ұжымда этикалық нормаларды сақтау бойынша іс-шараларды жүйелі негізде жүргізуді ұсынды.

Кездесу барысында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Арман Рахимов сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды заңнамалық өзгерістерді түсіндіріп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің күшейтілгенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін адамдарды көтермелеудің сараланған жүйесіне ерекше назар аударылды.

«Әрбір өрт сөндіруші-құтқарушы, ең алдымен, кәсіби ғана емес, моральдық-адамгершілік қасиеттерге де ие болуы тиіс. Жыл сайын азаматтық қорғау Академиясына мыңдаған жас адамдар – болашақ құтқарушылар келіп түседі, өз кезегінде тәлімгерлер курсанттарды кәсіби тәжірибе жинақтаудан басқа, қызметтік борышын әділ және адал орындауға үйретуі тиіс. Сондықтан кез келген құқық бұзушылықтың алдын алып, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту қажет», – деп қорытындылады Арман Рахимов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар